Әдеби жұмбақтар

  • Нұры салқын,
    Өзі жарық,
    Шалқалап жүзген қайық.
    Жауап

  • Тақтаны «досым» дейді,
    Өзін сол досы «жейді».
    Жауап

  • Қабат-қабат қаттама,
    Қаттамадан аттама.
    Ақылын оның ала бер,
    Айтқан сөзін жатта да.
    Жауап

  • Бойын көрсең, теректей,
    Ішін көрсең, кеуектей.
    Желпілдеген үкісі
    Найзадағы желектей.
    Жауап

  • Білмейді кет дегенді, адасқанды,
    Жаныңа жақсы көрер жанасқанды.
    Үнсіз-ақ ғайып болар табан асты,
    Тоқымдай бұлт шалса қара аспанды.
    Жауап

  • Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,
    Қашады басқан ізі білінбестен.
    Жауап

  • Таудан төмен қар жауар,
    Қозғай берсең, көп жауар.
    Жауап

  • Қорқа ма әлде, жарықтан ол қашады,
    Әдеті бар паналайтын тасаны.
    Жауап

  • Тұратұғын әр үйде,
    Жайлы орын сәбиге,
    Шаңғы табан үйшік ол,
    Тербететін, әрине.
    Жауап

  • Жүрген сайын жүйрігім
    Қысқартады құйрығын.
    Жауап

  • Екі аяқты, бір ізді
    Үстіне мені мінгізді,
    Мінгізгенмен, ол менің
    Аяғымды жүргізді.
    Жауап

  • Табанында жолы бар,
    Төбесінде қолы бар.
    Жауап

  • Қауаққа да ұқсаған,
    Алмұртқа да ұқсаған,
    Аузы бар, тілі бар,
    Білер көріп, ұстаған.
    Жауап

  • Қадалды бір ине
    Нүктедей түймеге.
    Жауап

  • Сырғалы құлақ бір,
    Үн-түнсіз сұрап тұр.
    Жауап

  • Ойдың аяқталуын күтпейді,
    Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.
    Жауап

  • Тақия, мұрын, бір құлағы бар,
    Самаурын қасында тұрағы бар.
    Жауап

  • Бірінің ізін бірі басады,
    Біріне жеткізбей, бірі қашады.
    Жауап

  • Қауын, қарбыз дей алмайсың,
    Піскенмен, жей алмайсың.
    Жарғаныңмен, қап-қатты,
    Ал асқанда, тәп-тәтті.
    Жауап

  • Сары қозы, көк қозы,
    Қарындары тоқ қозы.
    Күздігүні көп қозы,
    Қыстыгүні жоқ қозы.
    Жауап