Арақтың зияндары

Арақ адамның денсаулығы мен қоса рухани саулығына да кері әсер етеді. Отбасы ішіндегі бақытсыздық, жанжал, ажырасудың басты себепкері.

Маскүнемдік – қоғам тыныштығын бұзатын зиянды кесел. Тәртіп сақшыларының мәлімдеуінше қылмыстардың көпшілігі осы ащы суды ішудің салдарынан орын алады. Мастықтың соңы төбелес, ұрлық, зорлық-зомбылық, кісі өліміне дейін апарып жатқан жайттар өте көп. Мас күйде көлік жүргізіп, апатқа ұшырап, қаншама адамдардың жанын қиған жағдайларды ақпарат құралдарынан көрудеміз. Арақ адамның санасын тұмандатып, есеңгірететін, адамша ойлаудан мақрұм ететін зиянды ішімдік. Осы себепті, маскүнем адам өзі үшін де, айналасындағылар үшін де қауіп көзі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 30 елде жасаған зерттеулерінің нәтижесі бойынша: адам өлтірудің 85%-ы, зорлық зомбылықтардың 50%-ы, адам өліміне әкеп соққан жол апаттарының 65%-ы, отбасы ішіндегі ұрыс-керістердің 70%-на спиртті ішімдіктер себеп болуда. Басқаша айтқанда жоғарыда аталған қылмыстар кезінде адамдардың мас күйде болғандығы анықталған. Сондай-ақ арақ көптеген аурулардың қоздырушысы. Бауыр, ми және жүйке жүйелеріне елеулі түрде зақым келтіреді. Асқазан жарасына, қатерлі ісікке және ерлерде жыныстық әлсіздікке себепкер болады. Ата-аналар, үлкендер жағы жастар мен араққа әуестенушілерге оның зиянын түсіндіріп, ешқандай қызығарлық тұсы жоқ екендігін жеткізуге тырысуымыз керек. Жас шағында басталған ішімдікке әуестік уақыт өтуімен тәуелділікке ұласып, соңы отбасының құлдырауы, қылмыс, жазылмас ауруларға, бақытсыздықтарға себеп болып жатқандығын естіп те, көріп те жүрміз. Мәселен, 20-ға келген шақта ішімдікке әуестік қоғамдық келеңсіздіктерге, отбасы ойранына себеп болуда. 30-ға келгенде денсаулық зардаптары көріне бастайды, әсіресе, асқазан, ас қорыту мүшелері, бауыр ауруларында айрық. Білінеді.  Тәуелділіктің кесірінен отбасыларын, денсаулығын ойран қылған жастар бара-бара күйзелістерге, қасіреттерге тап болады. Онда да жұбанышты арақтан іздеп одан сайын пәлекеттерге белшеден бата береді. Сондай-ақ, араққа тәуелді отбасылардың балалары да араққа құмарлау болады, ал арақ қолданбайтындардың отбасының ұл-қыздары араққа әуес болмайды. Араққа салынған әйелдерде балаларының кеміс туылуы, кеш жетілуі секілді зардаптарға себеп болуда. Осы себепті өзіміздің, отбасымыздың және жалпы қоғамның бақыты, тыныштығы үшін арақ атаулыдан ұзақ тұру шарт. Қоғамға, адамзатқа материалдық және рухани жағынан да зияны орасан көп болған спиртті ішімдіктерден аулақ болу басты ұстанымымызға айналуы тиіс.

Бүгінгі күні ең үлкен індетке айналған, әсіресе жастарға төніп тұрған қауіптің басында спиртті ішімдік және есірткі тұр. Арақтың зияндарының біршамасы төмендегідей:

● Зиянды әдеттер, алғашқы қадамнан және алғашқы дәм татудан басталады. Тұзақтың ең үлені: «Бір рет көргеннен не шығады?» деп ойлау. 

● Жол апаттарының көбі – мас жүргізушілердің себебімен болады;

● Ішімдік пен есірткі – ми және орталық жүйке жүйесінің қас дұшпаны;

● Спиртті ішімдік қатерлі ісікке шалдығу себептерінің басында тұрады;

● Спиртті ішімдік ішетіндердің бауырлары қатты шаршайды. Соңында цирроз ауруына шалдығуы мүмкін;

● Арақ жүректің үлкеюі мен қан айналымының жүйелігін бұзады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

1 пікір

  • Ержан Reply

    29-10-2018

    Өте маңызды мақала, рахмет!

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!