Әдеби жұмбақтар

  • Көзі үйде,
    Кірпігі далада.
    Жауап

  • Басы да екеу,
    Аяғы да екеу.
    Жауап

  • Арқырап бұлағы,
    Гүрілдеп тұрады.
    Сырты – жаз, іші – қыс,
    Кеппейді қырауы.
    Жауап

  • Ешкім де жемейді,
    Тәтті екен демейді.
    Сарғайып піседі,
    Үзіліп түседі.
    Жауап

  • Соңыңнан қалмайды,
    Тоқтасаң, тоқтайды.
    Үйге іздеп бармайды,
    Тығылсаң таппайды.
    Жауап

  • Екі ағайынды,
    Екеуі де бір үйде,
    Бірін-бірі көрмейді.
    Жауап

  • Мойынынан ұстаймын, ішінен қыдықтаймын. Ол не?
    Жауап