Материалисттер Дарвинді өздерінің жалған пікірлерін қуаттау үшін қолданған. Дарвин материалисттердің жар салғанындай адамдардың маймылдан тарағанын немесе бір жануар басқа бір түрлі жануарға айналғанын айтқан емес. Дарвин мұндай нәрсе айтқан күнде де ол сөзінің ешқандай ғылыми құндылығы болмас еді. Өйткені теория дегеніміз дәлелденбеген нәрсе. Негізінде Дарвин жандылар арасындағы өмір арпалысы туралы жазған. «Түрлердің шығу тегі» атты кітабында жандылардың айналаға бейімделгенін, сол себепті аздап өзгерістерге ұшырағанын жазған. Бірақ “бір түрдегі жануар басқа бір түрге ауысты” деген емес.
Ағылшын ғылым одағының 1980 жылдағы Солфордтағы жиналысында сөйлеген Профессор Джон Дурант былай дейді: «Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары заманауи ертегі (миф) болып шықты. Бұл ертегі ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа ештеңе бермеді. Эволюция ертегілері ғылыми зерттеулерді ойран етті. Бұрмалаушылыққа, қажетсіз сөз таласуларға және ғылымның үлкен дәрежедегі зардабы мен қиянатына жол ашты. Бүгін Дарвин теориясының тоз-тозалаңы шығып, артына бытыраңқы және қате пікірлер үйіндісін қалдырды».
1912 жылы Англияда К. Дэйвсон бір көне сүйек қаңқаларын тапқанын айтады. Кейіннен “Пилтдоун адамы” деп аталған бұл қаңқа маймыл мен адам арасында табылған қаңқалардың ішіндегі ең сенімдісі ретінде мәшһүр болды. Бұл қаңқаның бас сүйегімен тістері адамдікіне, жақ сүйектері болса маймылдікіне ұқсайтын еді. Осылайша алғаш адамның маймылмен адам арасынадағы бір махлұқ болғандығы жазылып, суреті салынды. Дінді мазақ ете бастады. Бұл қаңқаның күмәнды тараптары бар екенін айтып оның зерттеуге берілуін сұраған ғалымдарға рұқсат берілмеді. Алайда соңғы жылдарда неміс ғалымы бұл қаңқаны зерттеп күмәнды жерлерін тапты. Нәтижеде Дэйвсонның қулық жасап адамның бас сүйегіне маймылдың жақ сүйегін орнатқанын және оған адам тістерін қойғанын жария етті.
1922 жылы “Плиоцен” дәуіріне жататын бір азу тіс табылды. Эволюция теориясының жақтастары дереу мұны алғаш адамға тән тіс деп жариялады. Бір азу тіспен шабыттанып “Небраска адамы жұбайымен” деп атап қияли суреттер де салып жібереді. Америка және ағылшын баспасөз құралдарында осы туралы қаншама күн мақалалар жазылды. Соңында бұл тіс доңыздың тісі екендігі анықталды.
Жарты бас сүйек, жамбас сүйегі және үш азу тіс бөлек бөлек жерлерде табылады. Бұлардың бәрін бірге қосып атын “Ява адамы” деп атайды. Бұған орай профессор Дуане Гиш былай дейді: «Ява адамы дегендері негізінде маймыл. Маймылдың бас сүйегімен адамның жамбас сүйегін бірлестіріп атын Ява адамы деп шығарған».
Бұл сүйектерді тауып атын Ява адамы деп қойған мистер Дубойс өлімінен алдын шындықты жариялады. «Ява адамы деп атаған сүйектерім шындығында гиббон маймылы еді»,- дейді.
Адаммен жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы. Адамдарда рух бар. Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ. Материалисттердің бұл рухтан хабары болмағандықтан адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда.
Сонымен қатар ондай адам болыпты, мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған? Неге мыңдаған емес? Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылдылардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде.
Қорыта айтқанда дін дұшпандары мұсылмандардың балаларын алдау, азғыру үшін ғалым кейпіне кіріп, «Адамдар маймылдан жаралған. Дарвин осылай деген» деп қаншама өтірік айтса да сөздерінің негізі жоқ. Адамдардың түрі, дене бітімі маймылға ұқсаса да адам бәрібір адам. Өйткені оның рухы бар. Ал маймыл – жануар.