Әдеби жұмбақтар

  • Пайдаға жарады
    Отынсыз жанады.
    Жауап

  • Бұрасаң құлағын,
    Ағады бұлағы.
    Жауап

  • Көрмедім еш үйіңді
    Қолданбас бұл бұйымды.
    Жазып қыртыс-тыртысын,
    Қонымды етер киімді.
    Жауап

  • Дәмі де жоқ, түсі жоқ.
    Пайдаланбас кісі жоқ.
    Жауап

  • Сауытын шештім сақтанған,
    Көрінбеді ақ тоннан.
    Ақ тонын да шешіп ем,
    Сары тон шықты ішінен.
    Сары тонын шешіп ем,
    Түк таппадым ішінен.
    Жауап

  • Аспанда бір ана бар,
    Маңы толған балалар.
    Жауап

  • Үзеңгісіз ерге еппен мінеді,
    Жерді баспай екі аяқпен жүреді.
    Есті бала бұл жұмбақтың шешуін
    Қиналмай-ақ түсінеді, біледі.
    Жауап

  • Жымыңдатып көздерін,
    Түнде алыстан жанады.
    Таң атқанда өздері
    Жасырынып қалады.
    Жауап

  • Отыз екі тас қайрақ,
    Бірін-бірі шыңдайды.
    Қызыл сөз бен асты ойлап,
    Сумаң қызыл тынбайды.
    Жауап

  • Аласы бар, қарасы ба, ағы бар,
    Пышақ тисе, қып-қызыл боп жарылар.
    Жауап

  • Жарыссаң сенен озбайды,
    Бауырын жерден жазбайды.
    Жүрген кезде: «Тр-тр», – деп,
    Атын айта жаздайды.
    Жауап

  • Дыз-дыз етіп жүрегі,
    Сымнан ұстап жүреді.
    Өзіне адам мінеді,
    Ол не, ал, кім біледі?
    Жауап

  • Күн суытып, қар түссе,
    Үстін бассаң, батпайсың.
    Жаз кезінде, тал түсте
    Іздесең де, таппайсың.
    Жауап

  • Еленбейді көбінде,
    Босағада тұрады.
    Қиқым жатса төрінде,
    Ұнатпайды, қуады.
    Жауап

  • Суды жақсы көреді,
    Одан шықса өледі.
    Жауап

  • Атқаратын
    Әжептәуір ісі бар,
    Ауызы жоқ, тісі бар.
    Жауап

  • Ұрлап ішіп,
    Үйде сүтті қоймайды,
    Өз құйрығын өзі қуып ойнайды.
    Жауап

  • Кереуеттің тұсына ілген,
    Айнымайды түсі гүлден.
    Үйдің ішін жайнатады.
    Қадірін тек кісі білген.
    Жауап

  • Темір қайшы – қос қайшы,
    Шығыршықсыз бос қайшы.
    Еңбеккерге дос қайшы,
    Еріншекке қас қайшы.
    Өтпейді бір бос күні,
    Ол? –
    Жауап

  • Бір-бірімен қорап-үйлер тіркесіп,
    Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп.
    Жауап