Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді.
Биікке шықсаң көзің ашылады, Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма, Жақсының атын естіп үйіне барма.
Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.
Әркім жолдас болады амандықта, жаман тастап кетеді жамандықта.
Атасы жақсы, көргенін айтады, Атасы жаман, бергенін айтады.
Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
Арықпенен семіздің бауыры бірдей, Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
Жақсы арына құл, жаман малына құл.
Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды, Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.
Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар, Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар.
Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл, Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.
Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас. Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.
Екі жаман ауыл болмас, Ауыл болса қауым болмас.
Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
Адамға қылсаң жақсылық, Жақсылық білмес кей заңғар. Жақсылыққа жамандық жасайтын, Дүниеде бейиман көп жандар.
Адам туа жаман болмайды, Жүре жаман болады.
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ерітеді.
Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.
Биік тауды алыстан көріп, түбіне барма,
Жақсының атын естіп үйіне барма.
Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.
Әркім жолдас болады амандықта,
жаман тастап кетеді жамандықта.
Атасы жақсы, көргенін айтады,
Атасы жаман, бергенін айтады.
Арық атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, қасына қоңсы қондырмас, қондырса да ондырмас.
Арықпенен семіздің бауыры бірдей,
Жақсыменен жаманның жаны бірдей.
Жақсы арына құл, жаман малына құл.
Екі жақсы қосылса, айрылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса, кең дүниеге сиыспайды.
Арық малды асырасаң аузы-мұрның май болар,
Жаман адамды асырасаң аузы-мұрның қан болар.
Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл,
Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.
Арғымаққа оқ тисе, мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе, жамандардай жыламас.
Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.
Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
Адамға қылсаң жақсылық,
Жақсылық білмес кей заңғар.
Жақсылыққа жамандық жасайтын,
Дүниеде бейиман көп жандар.
Адам туа жаман болмайды,
Жүре жаман болады.
Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.
Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.
Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.