Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.
Жақсыда жаттық жоқ, Жаманда жақындық жоқ.
Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.
Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.
Жақсы аттан жығылса, Жаман табашы болады.
Жақсы жүрген жеріне кент болар, Жаман жүрген жеріне өрт салар.
Жақсы алдында жалдырарсың, Жаман алдында тарынарсың.
Жақсы атын мақтар, Жаман қатынын мақтар.
Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай, Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.
Жақсы адам тауып сөйлейді, Жаман адам қауып сөйлейді.
Жақсы туса елдің ырысы, Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Жақсы адам елдің ырысы, Жақсы сөз жанның тынысы.
Ескіге жаңа өлшеуіш, Жаманға жақсы өлшеуіш
Бұлттан шыққан күн ащы, Жаман қатынның тілі ащы.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Жақсы болсаң жаның көп.
Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды, Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.
Бітер істің басына, жақсы келсін қасына.
Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама, Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.
Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар, Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.
Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көрерсің.
Жақсыда жаттық жоқ,
Жаманда жақындық жоқ.
Жақсы жатырқамайды, аңқау алдамайды, әңгі тыңдамайды.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман табашы болады.
Жақсы жүрген жеріне кент болар,
Жаман жүрген жеріне өрт салар.
Жақсы алдында жалдырарсың,
Жаман алдында тарынарсың.
Жақсы атын мақтар,
Жаман қатынын мақтар.
Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.
Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.
Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.
Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.
Ескіге жаңа өлшеуіш,
Жаманға жақсы өлшеуіш
Бұлттан шыққан күн ащы,
Жаман қатынның тілі ащы.
Жақсы адам жолдасынан белгілі.
Жақсы болсаң жаның көп.
Бұқаның өзі қартайса да, өзі қартаймайды,
Жақсының өзі қартайса да, көңілі қартаймайды.
Бітер істің басына, жақсы келсін қасына.
Бір сынаған жаманды, екі қайтып сынама,
Өлшеп-пішпей шамаңды, құр жаныңды қинама.
Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар,
Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.