Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырақтағаны келеді.
Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар.
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Елге сыймас кер жаман,
Егінсіз болса жер жаман.
Жанбаса — отын жаман,
Жаға алмаса — қатын жаман.
Қараспаса — жақын жаман,
Жау алмаса — батыр жаман.
Шығысы жаман қамысты
Су ішінен өрт шалар.
Бейілі жаман адамды
Түйе үстінен ит қабар.
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
Тегі жаман тойда тонын сұрар.
Жаман жігіт той бұзады,
Жаман әйел үй бұзады.
Жаман ашса көрмес,
Айтса білмес.
Жаманның ақылы
Түс ауған соң кіреді.
Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.
Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-дүр, Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі-дүр.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
Жақсының қадірі өлгенде білінер, Жақсы аттың қадірі мінгенде білінер.
Жақсының жүрген жері - базар, Жаманның жүрген жері - азар.
Жақсының жаты болмайды, Жаманның ұяты болмайды.
Жақсының жаны - жаннат.
Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді, Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.
Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады, Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.
Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырақтағаны келеді.
Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар.
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.
Өкпеден соққан жел жаман,
Елінен безген ер жаман.
Елге сыймас кер жаман,
Егінсіз болса жер жаман.
Жанбаса — отын жаман,
Жаға алмаса — қатын жаман.
Қараспаса — жақын жаман,
Жау алмаса — батыр жаман.
Шығысы жаман қамысты
Су ішінен өрт шалар.
Бейілі жаман адамды
Түйе үстінен ит қабар.
Жаманға сырыңды айтпа,
Сырыңды айтсаң да, шыныңды айтпа.
Тегі жаман тойда тонын сұрар.
Жаман жігіт той бұзады,
Жаман әйел үй бұзады.
Жаман ашса көрмес,
Айтса білмес.
Жаманның ақылы
Түс ауған соң кіреді.
Жаманға сырыңды айтсаң
Жарға жығады.
Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі-дүр,
Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі-дүр.
Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында.
Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.
Жақсының қадірі өлгенде білінер,
Жақсы аттың қадірі мінгенде білінер.
Жақсының жүрген жері - базар,
Жаманның жүрген жері - азар.
Жақсының жаты болмайды,
Жаманның ұяты болмайды.
Жақсының жаны - жаннат.
Жақсыны сыйласаң есінен кетпейді,
Жаманды сыйласаң есігіңнен кетпейді.
Жақсыны жаман десең, аққудай мойнын созады,
Жаманды жаман десең, аяғынан тозады.