Жаңылтпаштар

  • Дәніккеннен құныққан жаман.


  • Балуанның жаманы,

    Жығылған соң қалтырар,

    Күзетшінің жаманы

    Алдырған соң талтаяр.


  • Құс жаманы саңғығыш,

    Адам жаманы қаңғығыш.


  • Жаманға ошақтың үш бұты,

    Үш айлық жол.


  • Шөлдің қамысы болмайды.

    Жаманның намысы болмайды.


  • Жапа шегіп, жай жату

    Жасықтықтың белгісі,

    Ерте жатып, кеш тұру

    Пасықтықтың белгісі.


  • Күтімі жаман ағаштың

    Бітімі жаман.


  • Жаман өзен өткел бермес,

    Жаман кісі көпке ермес.


  • Бейілі жаман кісіден көшеді,

    Өз асын өзі жасырып ішеді.


  • Үндемес ауызда пәле бар,

    Екі ұртында шала бар.


  • Тақыр жерге су төксең,

    Жүруге тайғақ болар;

    Жаманға сырыңды айтсаң,

    Тар жерде айғақ болар.


  • Атың жаман болса,

    Қарың кетер.

    Балаң жаман болса.

    Арың кетер.


  • Жаманның ойыны жаман

    Шошқаның мойыны жаман.


  • Қайта жауған қар жаман,

    Қайта шапқан жау жаман.


  • Жаманның аттан құлағаны да жаман.


  • Жаман адам өзі бола алмайды,

    Болғанды көре алмайды.

      


  • Арыстан асқынса — айға шабар,

    Ақымақ асқынса — анасын сабар.


  • Жаман өкпелеймін деп

    Сыбағасынан құр қалады.


  •  Жаманның үсті су болса,

     Кеппестей көрер;

     Жаман адамға мал бітсе,

     Кетпестей көрер.


  • Қас жаман

    Қасындағысын қарақтайды.