Жаңылтпаштар

  • Қапыда ит қапты,
    Қатты қапты,
    Қапты қатты.


  • Қайрат қайрақ қайрап отыр,
    Дайрақпен балта қайрап отыр.


  • Бір қыз кесте тікті,
    Кестесін түсте тікті,
    Кеште тікті.


  • Көпке бекер өкпелеме,
    Өкпе етпе,
    Тектен - текке өкпелетпе.


  • Тары ақта,
    Тары ақтап,
    Қапқа қапта.


  • Қанар қаптарды қаптап артар,
    Шанақ арбаны аттар тартар.


  • Шын еңбекшіл - өрмекші,
    Өрмекші - шын өрнекші.


  • Ерді ел елер,
    Ер елге еркелер.


  • Шаншар шаршап жатыр,
    Қайсар жайша жатыр.


  • Көктемде шөп өнер жер
    Мал келер, мал ерер жер.


  • Құрақ құрап көрпе көктеді,
    Қырық құрақ көрпе көктеді.


  • Бар, май шайқа,
    Байқа, жай шайқа.


  • Омартаға балалар барар,
    Балаларды аралар талар.


  • Тайғанақта қай тай тайды,
    Тағалатпаған тай тайды.


  • Үйген жүгерілері,
    Түгел ірі жүгері.


  • Тері шалбар бар,
    Тері шалбар киетін шалдар бар


  • Бұл бір жылтыр шылбыр екен,
    Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.


  • Тұз - мұздай,
    Мұз - тұздай.


  • Қызым жүзім же,
    Жүзім үзіп же.


  • Киген тоны -
    Онды тон,
    Өнді тон.