Жаңылтпаштар

  • Доп теп,
    Тек,
    Дөптен кеп теп.


  • Пышағы кесті, жайышты,
    Шанышқысы шанышты.


  • Шешей отты көсеумен көседі
    Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.


  • Қыста құлағым үсіп кетті,
    Үсіп, ісіп кетті.


  • Бұл, бұл - піл,
    Бұл бір ірі піл.


  • Түрің түрленіп, кідірмей оқы,
    Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.


  • Талғат балға тап,
    Оншақты жаңғақ шақ,
    Шақсаң, сақ шақ.


  • Екеуінін жасы шамалас,
    Бірінің шашы - қарашаш,
    Бірінің шашы - ақ шаш аралас.


  • Бірқатар қада қада,
    Қадаларды қатар-қатар қада.


  • Қанат қанағаттанарлық баға алды,
    Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.


  • Таяқ жон,
    Жонсаң жөн жон.


  • Дөң жатыр,
    Дөнде тон-тоң көн, жатыр


  • Даланы қар жабар,
    Қарға балалар аққала қалар.


  • Ошақта от жоқ,
    Шоқ тап, от жақ.


  • Ізшілер іздесті,
    Түз кезді, із кесті.


  • Үйде неше шал отыр?
    Көсе шал отыр.
    Тақиясы шошайып
    Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.


  • Тақпақ жатта,
    Жатқа жатта.


  • Класта ақ бор бар,
    Көк бор бар,
    Көп бор бар.


  • Ян-ян-ян
    Жүгіріп жүр қоян.
    Ян-ян-ян
    Бұл қоян емес, шаян!


  • Электр шамы жанады,
    Этаждар жымың қағады.
    Электр жарық бермесе,
    Экран сөніп қалады.