Жаңылтпаштар

  • Сұрап Мұрат
    Коньки тап.
    Байлап майлап,
    Аттай шап.


  • Іске тіл ілесе алады,
    Тілге іс ілесе алмайды.


  • Үш кіші ішік піштім,
    Бес кіші ішік піштім,
    Неше кіші ішік піштім?


  • Ықылас пен Ыбырай
    Ыдыстарын тасымай,
    Ырыскүлден үлгі алмай,
    Ынтасыз жүр тілді алмай.


  • Съезд, разъезд, подъезд.
    Подъезд, съезд, разъезд.
    Жаттап ал тез.


  • Ащы жеген Тазша баланың аузы ашыды,
    Тазша бала тұщы сумен -*аузын шайды.


  • Шынтемір
    Шықпен шыланған шөпке
    Шыңдалған шалғысын
    шық еткізді.


  • Сатып алды чемпион чемодан.
    Чемодан алған чемпион чек алған.


  • Циркте ойнар аюды
    Циркаш десем, күлесің.
    “Ц” әрпінен басталған
    Цемент сөзін білесің.


  • Қаһарлы айдаһар
    Шаһарға келіп,
    Қаһарланар.


  • Хан баласы ханзада
    Болды ғашық ханшаға.
    Алып ханнан хабар,
    Ханшайымды табар.


  • Пай-пай-пай,
    Жайылып жүр тай.
    Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай.


  • Инелік илеуде иленбейді.
    Итбалық итмұрынды иіскемейді.


  • Зура зурнада ойнайды,
    Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
    Зара да, Зере де зурнада ойнайды.


  • Жаға жай,
    Жағажайда – Қамажай.


  • Ескекті ескекші еседі,
    Ескекші ескекті еседі.


  • Доп деп,
    Дөп теп.


  • Ғарышкер ұшты ғарышқа.
    Ғарышқа ұшты ғарышкер.
    Айтшы, ғарыш алыс па?


  • Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
    Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.


  • Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
    Әбігер әтеш отырған
    Әбдірені әжем ашып жатыр.