Жаңылтпаштар

  • Ою ою ойым бар-ды,
    Ойналмастан ойын қалды.
    Орындалмай ойымдағы
    Ойылмады ою-дағы.
    Орашолақ, олақпын ба,
    Оя алмадым оюларды?


  • Асан бақша жақтан.

    Ақ сабақ асқабақ әкелді,

    Басқа жақтан.

    Басқарақ асқабақ әкелді.


  • Ала-ала алашалар,

    Тамаша олар,

    Оған кім таласа алар.


  • доп теп
    дөптеп


  • сұр інген сүрінген бе
    сүрінген сұр інген бе


  • бұлаң бұлаң еткен бұл аң
    бұлаң десем екен қылаң


  • Біреуі көрікті кісі,

    Біреуі бөрікті кісі.

    Көрікті кісі – зорықты,

    Бөрікті кісі – қорықты.


  • Тоқпақ жаттап,

    Айтсақ жақсы-ақ.

    Жатка тақпақ

    Жатта тақ-тақ 


  • Қондық жаңа қонысқа,

    Қалың екен жоңышқа.

    Қоныстағы жоңышқа,

    Оралады қонышқа!


  • Кермеде тұр қырық

    кір қыстырғыш,

    Қырық кір қыстырғышқа

    Қырық қыз келіп,

    кір қыстырды.


  • Ата мен әже, ана да,

    Алма мен алмұрт тереді,

    Ауырға Арман бала да,

    Арбамен тасып береді.


  • Баланың жаман баға алмағаны,

    Мұғалім ағаның жаман болмағаны.


  • Қоғанбай қомағай ма?

    Жоқ, ағай

    Қоғанбай қомағай емес,

    Зор ағай.


  • Есім есі кетіп есінеп отыр екен.

    Ол несіне.

    Есі кетіп есінеп отыр екен.


  • Жағажайды жағалай,

    Жүгіреді Қамажай.


  • Күз, Кез, Көз,

    Күш, Кеш, Көш,

    Кір, Кер, Көр,

    Күл, Кел, Көл,

    Кілең қысқа сөз,

    Кім оқиды тез?


  • Сен өлше, ол өлшер,

    Сол өлшем, сол мөлшер.


  • Омар ора алар,

    Омар ора алмаса,

    Орал ора алар.


  • Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,
    Алқапты аппақ ақ қар жапты.


  • Тұрыс бұрышқа тұр,
    Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр