Жаңылтпаштар

  • Жылай-жылай арық қазсаң,

    Күле-күле су ішерсің.


  • Қолы қимылдаған адамға

    Кедейлік жоқ.

    Аяғы қимылдаған адамға

    Алыстық жоқ.


  • Азығымен жер мүсінді,

    Еңбегімен ер мүсінді.



  • Жер құтты болса,

    Мал сүтті болады.


  • Еңбексіз өмір – сөнген көмір.


  • Күн шыққан соң суарған суды

    Күн жұтады,

    Күн батқан соң суарған суды

    Жер жұтады.


  • Еңбек қылмай ер оңбас,

    Бірлік қылмай ел оңбас.


  • Еңбексіз өмір жоқ,

    Ауырсыз жеңіл жоқ.


  • Еріншектің ертеңі бітпес.


  • Ұстаның бізі сүйкімді,

    Жақсының сөзі сүйкімді.