Жаңылтпаштар

  • Ұстаны соққан пышағынан танисың.


  • Қой егіз тапса, шөптің басы айыр шығады.


  • Өнерлінің өзегі талмас.


  • Өтпес пышақ қол кесер.


  • Еңбек ептілікті сүйеді.


  • Алтынды ала білген бөле де біледі.


  • Болат біз қап түбінде қалмас.


  • Қалауын тапса, қар жанар.


  • Шебердің қолы көпке ортақ.


  • Көлеңкеге қарап көйлек пішпес болар.


  • Өнерліге есік ашық.


  • Киім пішсең кең піш,

    Тарылтуың оңай.

    Темір кессең қысқа кес,

    Ұзартуың оңай.


  • Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.


  • Күшіңе сенбе, ісіңе сен.


  • Қазаншының өз еркі

    Қайдан құлақ шығарса.


  • Шеберлікке шек жоқ.


  • Қыз еркем кестесімен көркем,

    Ұл еркем өнерімен көркем.


  • Жігіт көркі - өнер.


  • Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.


  • Ер қадірін ер білер,

    Зер қадірін зергер білер.