Жаңылтпаштар

  • Малдың жайын баққан білер,
    Отынның жайын жаққан білер.


  • Малды баға біл, бабын таба біл.


  • Мал жисаң қоңысын тап,
    Ас жисаң ыдысын тап.


  • Мал бітпес, деп ерден түңілме,
    Шөп бітпес деп жерден түңілме.


  • Мал ашуы - жан ашуы.


  • Малды тапқанға бақтыр,
    Отанды алғанға жақтыр.


  • Қайтқан малға қасқыр өш.


  • Қайтқан малдың қайыры жоқ.


  • Көп малдан айрылғанда,
    Бір малды қасқыр жейді.


  • Жоқтамағанның малы түгел.


  • Елдің көркі - мал, өзен көркі - тал.


  • Жақсы мал жалғыз жоғалмайды.


  • Жайлау жайлай білмеген,
    Малды айдай білмейді.


  • Жоғалып табылған мал олжа,
    Ауырып жазылған жан олжа.


  • Жайылымы болмаса мал азады,
    Қайырымы болмаса жан азады.


  • Ердің малы - елдің малы.


  • Бұта түбі үй болар,
    Малы көп кісі би болар.


  • Бір ауылдың малын бақпасаң,
    Мың ауылдың малын бағарсың.


  • Бір түлікке бай болғанша,
    Әр түлікке сай бол.


  • Белгілі малшың жоқ болса,
    Беліңді бу да малға бар.