Жаңылтпаштар

  • Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.


  • Қарға қарғаның көзін шұқымас.


  • Жапалақ мақтанса,

    Жардан қоян алдым дер.

    Жаман мақтанса,

    Жақсының жағасынан алдым дер.


  • Шағала келмей жаз болмас,

    Шаңқан келмей, боз болмас.


  • Қаз келсе, жаз келер,

    Қарға келсе, қатқақ келер.


  • Атты қамшымен айдама, жеммен айда.


  • Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық.


  • Қаршығалыға қоян кездеспейді,

    Жарақтыға жау жолықпайды.


  • Құс баласы қырымға қарайды.

    Қаршыға ілген қазға сын.


  • Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.


  • Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.


  • Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады.


  • Ит тамағы үшін жүгіреді.

    Құс тамағы үшін ұшады.


  • Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.


  • Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас.


  • Өрісіне қарап мал өсер, өзеніне қарап тал өсер.


  • Тымырсық болса, ер оңбас,
    Тонға жатса мал оңбас.


  • Мал көкке тоймай, аузың аққа тимейді.


  • Малдың аяғы оттамайды, аузы оттайды.


  • Малды шұбыртқан құртады,
    Етті құырдақ құртады.