Жаңылтпаштар

  • Жолдастының жолы кең.


  • Ынтымақты үйдің бағы бар,

    ынтымақ кетті, бақ кетті.


  • Қимас досың сұраса, қимасыңды бергейсің.


  • Жолдасың жаман болса,

    Алыс жүріп түн қатпа.

    Қатының жаман болса,

    Кісі алдында тіл қатпа.


  •  Көргенді кісі

     Көргенін айтар,

     Көргенсіз кісі

     Бергенін айтар.


  • Жаман қорыққанын сыйлайды.


  • Жолдасы көптің – олжасы көп.


  • Жолдасты жол айырады.


  • Досы көппен сыйлас,

    Досы азбен сырлас.


  • Әңгіме жол қысқартады.


  • Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.


  • Шошқаға ерген – балшыққа аунар.


  • Жолдасын тастаған – жолда қалар.


  • Ай көрмесең туысың жат,
    Жыл көрмесең жолдасың жат


  • Құс қанатымен,
    Ер жолдасымен.


  • Жақсымен жолдас болсаң,
    Жетерсің мұратқа.
    Жаманмен жолдас болсаң,
    Қаларсың ұятқа.


  • Біреу жаныңа жолдас,
    Біреу малыңа жолдас.


  • Жігіт жолдасынан белгілі.


  • Заттың жаңасы жақсы,
    Достың ескісі жақсы.


  • Мыңның түсін танығанша,
    Бірдің атын біл.