Жаңылтпаштар

  • Екі жақсы қосылса,
    Өлгенінше дос болады,
    Екі жаман қосылса.
    Өлгенінше қас болады.


  • Ерегескен ел болмайды,
    Есептескен дос болмайды.


  • Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.


  • Досың дос болғанға шаттан,
    Дұшпанмен дос болудан сақтан.


  • Дұшпан күлдіріп айтады,
    Дос жылатып айтады.


  • Дос сыртыңнан мақтар,
    Дұшпан көзіңе мақтар.


  • Ағаш тамырымен,
    Адам досымен мықты.


  • Досыңды мақтағаның - өзіңді жақтағаның.