- Менде жүз-ақ теңге бар. Өтінемін мені кіргізіңізші. Мен бір көзіммен көремін.
Таңертең Самат жағада балық аулап отыр.
Қасына суда жүзгісі келген Есен келіп:
- Су калай екен?
- Керемет! Балықтар тіпті шыққылары келмейді.
- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.
- Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.
Әкесі мен баласы балық аулауға келді. Әкесі баласына айтады:
- Балам, маған жеуге нан берші.
- Әке, мен нанды жеп қойдым.
- Балам, онда ботқаны берші.
- Мен оныда жеп қойдым.
- Олай болса, шылаушындарды да жей сал, үйге қайтайық.
Кішкентай қыз көршісіне келіп:
- Әкем ауырып қалды және құлпынай тосабын жегісі келіп жатыр.
- Тезірек жазылып кетсін. Тосапты қайда салып берейін? Өзіңмен бірге банка не ыдыс әкелдің бе?
- Қажеті жоқ. Мен осында жей саламын.
Су мен сүт
Бірде Қожанасыр базарға барып сүт сатады.Ыдыстағы сүт азая бергенде үстіне су қосып жіберіп отырады.Алушылар мұны аңдамай сатып ала береді.Осылайша сүттің бәрін сатып болған әпенді базардан шығады.Үйіне қайтып келе жатып өзен жағасында ақшасын санай бастайды.Сол кезде қатты соққан желден қағаз ақшалары ұшып кетіп,өзенге түседі де,қолында тек тиындары қалады.Сонда Қожекең сақалын сипап тұрып: -Суы-суға кетті,сүттікі қолда қалды,-деп жөніне кете берген екен.
Қолшатыр
Бір күні бір кісі базарға шығып бара жатқанында әйелі қолшатыр алуды ұмытпауы үшін қайта қайта ескертіп: «Қолшатыр алуды ұмытпа! Маған бір дана ал, өзіңе бір дана анама және балаларға да бір-біреуден ал» дейді. Күйеуі қалаға қатынайтын автобусқа барғанша ұмытып қалмау үшін «Қолшатыр, қолшатыр» деп іштей қайталап барады. Автобусқа мінген кезінде де ойында тек қана қолшатыр тұрады. Оның осы ойға шомғаны соншалық, түсер кезде біреудің қолындағы қолшатырға қолын созып ұстап тұрып қалады. Қолшатырдың иесі түсінбей, артына қарағанында, есін жиып кешірім сұрамақшы болады, бірақ ол естімейді. Қаладағы жұмыстары біткен соң, бірнеше зонт сатып алып автобусқа мінеді. Жолда әлгі қолшатырынан ұстаған кісі де сол автобусқа мінеді. Ол өзінің қолшатырын мықтап қолтығына қыстырып, күлімдеп былай дейді: «Ооо достым! Бүгін жұмысың жақсы жүрген сияқты ғой.» Сірә мұны қолшатыр ұрысы деп ойлап қалса керек.
Сағат бес болды
Жақында үйленген ерлі зайыптылар араздасып, ренжісіп қалады. Бір-біріне еш сөйлемей жүреді. Бірдеңе айтуға мәжбүр болған кезде сөздерін қағазға жазып жүреді. Бір күні кешкісін күйеуі: «Мені таң ертең сағат 5 те оятасың ба?» деп жазады. Күйеуі ертеңіне сағат 8 де тұрып қараса, әйелі: «Тұр, сағат 5 болды» деп жазып қойған екен.
Парашют
Бір кісі парашют алу ниетімен дүкенге барады. Парашют таңдап жүріп сатушыға "мына парашют ашылмай қалса не болады?" дейді. Сатушы "ашылмай қалса запастағы парашютты ашасыз" дейді. Әлгі кісі "Ал егер запастағысы да ашылмай қалса ше?" дейді. Сатушы "біздің тауардардың бәрінің гарантиясы бар, қайтып алып келсеңіз, басқасына ауыстырып береміз" деген екен...
Сараң диқан
Бір диқан сараңдығымен аты шыққан екен. Бір күні құдықтан су тартып жатып құдықтың ішіне құлап түседі. «Көмектесіңдер»- деп айқайлағанында әйелі естіп, құдыққа жүгіріп келеді. Құдық ішіндегі күйеуін көріп: - Сәл шыдай тұрыңыз байеке, қазір егістіктегі жұмысшыларды шақырып келемін сізді шығарып алсын,- дейді. - Тоқта бәйбіше, сағат қанша болғанын айтшы маған? - 11:30 - Онда жұмысшыларды қазір шақырма, түскі үзілісте шақыр. Мен оған дейін жүзе тұрамын.
Жаман әдет
Бір кішкентай қыз басбармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:
– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың,- дейді.
Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз, бұл әдетін тоқтатады. Бір күні үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:
– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, қолыңызда мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.
Сауда-саттық
Қожанасыр базардан бір келі алма сатып алмақ болады. Сатушының таразыдан жегенін көріп:
– Кем өлшеп, толық ақша алмақпысың, мұның не?- дейді. Сатушы езуін тартып:
– Ауыр болып, сізді көтеріп жүруге қиналмасын дегенім ғой!- деп жауап береді. Бұған Қожекең:
– Олай болса, Міне ақшаң, санауда қиналып қалмасын деп мен де саған ақшаны кемітіп бердім!-дейді.
Бірінші сыныптың оқытушысы: - Ал, балалар бүгін «Ш» әрпін өтеміз, «ш»-дан келетін қандай аттарды білесіңдер? - дейді. Тып-тыныш болып қалған сыныптың артқы партасында, қолын көтерем ба, көтермейін ба деп отырған бір оқушыдан, - Ой, айналайын сен білесің-ау деймін, айтып жіберші дейді. Әлгі бала : - “шыбын”, -депті, Мұғалім: - Жақсы-жақсы деп қолпаштап, көтермелеп жібергені сол, әлгі бала тағы қолын көтеріпті, - Кәне тағы айтып жібер,- десе. Әлгі бала: - “Тағы бір шыбын”,- депті.
Қорқынышты баға
Баласы қобалжыған дауыспен анасына:
- Анашым! Анашым! Тез жүгіріңіз, әкем есіктің алдында құлап түсті. Қолында бір квитанция, ал жерде үлкен бір пакет жатыр,- дейді.
- Ее, түсіндім. Демек дүкеншілер тапсырыс берген шубамды әкелген ғой.
Назар тартатын айла
Бір жас жігіт мотоциклмен Мексиканың шекара бекетіне келеді. Арқасына асынған екі үлкен сөмкені көрген шекара сақшысы күмәнданып, ішінде не бар екенін сұрайды. Әлгі жігіт: «Ішінде жай ғана құм.» дейді. Сақшы: «Қане, ашшы көрейік!» дейді. Жігіт сөмкелерді ашады. Шекара қызметкерлері сөмкенің барлық жағын ақтарып қарайды, бірақ құмнан басқа ештеңе таба алмайды. Шекара сақшысы сөмкелерді қайтарып беріп, шекарадан өтуіне рұқсат береді. Бірнеше күннен кейін әлгі жігіт мотоциклде арқасындағы екі сөмкесімен тағы да шекараға келеді. Сақшы әлгі жігітті тағы тоқтатып, сөмкесін ақтарады. Ештеңе таба алмаған соң жігітті жібереді. Бұл жағдай сақшы зейнетке шыққанға дейін жалғасады. Бір күні зейнеткерлікке шыққан сақшы паркте отырғанында әлгі жігітті көріп сұрайды: «Сенің қаншама жылдардан бері бірдеңе ұрлап жүргеніңді білемін. Айтшы, не ұрлайтын едің, арамызда қалады.» Жігіт күлімдеп: «Мотоцикл» деп жауап береді.
Репортаж
Жол апаты болған жердің айналасын бір топ адам қоршап алады. Жиналған адамдарды көрген тілші, машинасын тоқтатып, апаттың жанына барады. Болған апатты бейнетаспаға түсіріп, ең бірінші болып эфирге шығару үшін адамдардың арасынан өтпекші болады. Адамдардың тым көптігінен арасынан өте алмайды. Дереу қулық жасап: «Жол беріңдер! Жолды ашыңдар! Мен апатқа ұшырағанның баласымын!» -деп жылай бастайды. Адамдар дереу шетке тұрып, жол береді. Тілші жақындап барып қараса, машинаның қарсысында үлкен бір есек жан таласып жатқан екен.
Мен ба?
Сот кінәлідан сұрайды:
- Атың кім?
- Менің атым ба?
- Иә сенің атың?
- Мұрат.
- Әкеңнің аты кім?
- Менің әкемнің аты ма?
- Иә сенің әкеңнің аты?
- Мақсат.
- Не жұмыс істейсің?
- Мен ба?
- Иә сен?
- Егіншімін.
- Жасың қаншада?
- Менің жасым ба?
Сот ашуланғаны соншалық, өзін ұстай алмай айқайлайды:
- Жоқ менің жасым?!
Кінәлі иығын жоғары көтеріп, басын екі жақа шайқап:
- Сот мырза, не айтарымды білмей тұрмын, бірақ 50-55 жастан үлкенге ұқсамайсыз!
Ұйқысы келіп жатыр
Түннің ортасында төменгі қабаттағы бала есікті қағып:
- Әкем магнитофоныңызды сұрап жатқан еді,- дейді.
- Не істейсіңдер? Ән тыңдайсыңдар ма?- деген сұраққа бала былай жауап береді:
- Жоқ, әкем ұйықтағысы келіп жатыр!...
Аңшы
Бір аңшы достарымен әңгіме барысында былай дейді:
- Арыстан аулағанды ұнатамын. Бірақ еш қолға түсіре алмадым. Өткенде бір мүмкіндігім болды. Арыстанның алдына шығып оны нысанаға алып, енді мылтықтың шүріппесін баспақшы едім,- деп Аңшы біраз тұрып, сөзден кідіріп қалды. Тыңдап тұрғандар да қатты қобалжып, бәрі бір ауыздан сұрайды:
- Айт, айтсаңшы! Не болды содан кейін?...
- Сол мезетте цирктің басшысы қолыма жабысып, «Сен не істеп жатырсың?» демей ме?
Пингвин мен зебра фотографқа келеді. Фотограф сұрайды:
- Сіздерге суретті түрлі-түсті қылып шығарайын ба?
Зебра айтады:
- Керек емес, ақ-қарасы да жеткілікті.
Қоян кинотеатрға келіп:
- Киноның билеті қанша тұрады?
- Екі жүз теңге.
- Менде жүз-ақ теңге бар. Өтінемін мені кіргізіңізші. Мен бір көзіммен көремін.
Таңертең Самат жағада балық аулап отыр.
Қасына суда жүзгісі келген Есен келіп:
- Су калай екен?
- Керемет! Балықтар тіпті шыққылары келмейді.
- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.
- Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.
Әкесі мен баласы балық аулауға келді. Әкесі баласына айтады:
- Балам, маған жеуге нан берші.
- Әке, мен нанды жеп қойдым.
- Балам, онда ботқаны берші.
- Мен оныда жеп қойдым.
- Олай болса, шылаушындарды да жей сал, үйге қайтайық.
Кішкентай қыз көршісіне келіп:
- Әкем ауырып қалды және құлпынай тосабын жегісі келіп жатыр.
- Тезірек жазылып кетсін. Тосапты қайда салып берейін? Өзіңмен бірге банка не ыдыс әкелдің бе?
- Қажеті жоқ. Мен осында жей саламын.
Су мен сүт
Бірде Қожанасыр базарға барып сүт сатады.Ыдыстағы сүт азая бергенде үстіне су қосып жіберіп отырады.Алушылар мұны аңдамай сатып ала береді.Осылайша сүттің бәрін сатып болған әпенді базардан шығады.Үйіне қайтып келе жатып өзен жағасында ақшасын санай бастайды.Сол кезде қатты соққан желден қағаз ақшалары ұшып кетіп,өзенге түседі де,қолында тек тиындары қалады.Сонда Қожекең сақалын сипап тұрып:
-Суы-суға кетті,сүттікі қолда қалды,-деп жөніне кете берген екен.
Қолшатыр
Бір күні бір кісі базарға шығып бара жатқанында әйелі қолшатыр алуды ұмытпауы үшін қайта қайта ескертіп: «Қолшатыр алуды ұмытпа! Маған бір дана ал, өзіңе бір дана анама және балаларға да бір-біреуден ал» дейді. Күйеуі қалаға қатынайтын автобусқа барғанша ұмытып қалмау үшін «Қолшатыр, қолшатыр» деп іштей қайталап барады. Автобусқа мінген кезінде де ойында тек қана қолшатыр тұрады. Оның осы ойға шомғаны соншалық, түсер кезде біреудің қолындағы қолшатырға қолын созып ұстап тұрып қалады. Қолшатырдың иесі түсінбей, артына қарағанында, есін жиып кешірім сұрамақшы болады, бірақ ол естімейді. Қаладағы жұмыстары біткен соң, бірнеше зонт сатып алып автобусқа мінеді. Жолда әлгі қолшатырынан ұстаған кісі де сол автобусқа мінеді. Ол өзінің қолшатырын мықтап қолтығына қыстырып, күлімдеп былай дейді: «Ооо достым! Бүгін жұмысың жақсы жүрген сияқты ғой.» Сірә мұны қолшатыр ұрысы деп ойлап қалса керек.
Сағат бес болды
Жақында үйленген ерлі зайыптылар араздасып, ренжісіп қалады. Бір-біріне еш сөйлемей жүреді. Бірдеңе айтуға мәжбүр болған кезде сөздерін қағазға жазып жүреді. Бір күні кешкісін күйеуі: «Мені таң ертең сағат 5 те оятасың ба?» деп жазады. Күйеуі ертеңіне сағат 8 де тұрып қараса, әйелі: «Тұр, сағат 5 болды» деп жазып қойған екен.
Парашют
Бір кісі парашют алу ниетімен дүкенге барады. Парашют таңдап жүріп сатушыға "мына парашют ашылмай қалса не болады?" дейді. Сатушы "ашылмай қалса запастағы парашютты ашасыз" дейді. Әлгі кісі "Ал егер запастағысы да ашылмай қалса ше?" дейді. Сатушы "біздің тауардардың бәрінің гарантиясы бар, қайтып алып келсеңіз, басқасына ауыстырып береміз" деген екен...
Сараң диқан
Бір диқан сараңдығымен аты шыққан екен. Бір күні құдықтан су тартып
жатып құдықтың ішіне құлап түседі. «Көмектесіңдер»- деп айқайлағанында әйелі естіп, құдыққа жүгіріп келеді. Құдық ішіндегі күйеуін көріп:
- Сәл шыдай тұрыңыз байеке, қазір егістіктегі жұмысшыларды шақырып келемін сізді шығарып алсын,- дейді.
- Тоқта бәйбіше, сағат қанша болғанын айтшы маған?
- 11:30
- Онда жұмысшыларды қазір шақырма, түскі үзілісте шақыр. Мен
оған дейін жүзе тұрамын.
Жаман әдет
Бір кішкентай қыз басбармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:
– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды
тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың,- дейді.
Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз, бұл әдетін тоқтатады. Бір күні
үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:
– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, қолыңызда мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.
Сауда-саттық
Қожанасыр базардан бір келі алма сатып алмақ болады. Сатушының таразыдан жегенін көріп:
– Кем өлшеп, толық ақша алмақпысың, мұның не?- дейді. Сатушы езуін тартып:
– Ауыр болып, сізді көтеріп жүруге қиналмасын дегенім ғой!- деп жауап береді. Бұған Қожекең:
– Олай болса, Міне ақшаң, санауда қиналып қалмасын деп мен де саған ақшаны кемітіп бердім!-дейді.
Бірінші сыныптың оқытушысы:
- Ал, балалар бүгін «Ш» әрпін өтеміз,
«ш»-дан келетін қандай аттарды
білесіңдер? - дейді.
Тып-тыныш болып қалған сыныптың
артқы партасында, қолын көтерем
ба, көтермейін ба деп отырған бір
оқушыдан,
- Ой, айналайын сен білесің-ау деймін,
айтып жіберші дейді.
Әлгі бала :
- “шыбын”, -депті,
Мұғалім:
- Жақсы-жақсы деп қолпаштап,
көтермелеп жібергені сол, әлгі бала тағы
қолын көтеріпті,
- Кәне тағы айтып жібер,- десе.
Әлгі бала:
- “Тағы бір шыбын”,- депті.