Анекдоттар

  • АҚЫЛДЫ

         Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып:
    - Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын.
    - Мен қалайша дауларды шеше аламын?
    - Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды.
    - Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше?
    - Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін.


  •      Баяғыда екі жалқау болыпты, жалқаулықтары соншалықты, тіпті еріндерін қимылдатуға да ерінеді екен. Күндердің күні екеуі алма ағашы түбінді жатқанда, бірінің көзі көк алмаға түсіп:
    - Алма піс, аузыма түс!- депті. Сонда екінші оған:
    - Ерінбей-жалықпай соны қалай айттың? - депті.


  • Бір студент емтихан тапсырып жатыр.
    Мұғалім:
    - Екі жыртқыш аңды айт, - депті.
    Студент:
    - Арыстан, жолбарыс.
    Мұғалім:
    - Енді 5 жыртқыш аңды айт.
    Студент:
    - 2 арыстан, 3 жолбарыс....


  • Бір адам киви алу үшін дүкенге келеді. Қандай жеміс алатынын ұмытып қалады.

    Сонда әлгі адам дүкеншіге:

    - Маған жүн өсіп кеткен картошка береңізші - депті.


  • - Қыс болса да жаңбыр жауып тұр, - деген әжесінің сөзін 3 жасар Қайрат іліп әкетіп:
    - Аспандағы қар еріп, сонан соң ағып тұрған шығар, - деді.


  • Мұғалім:
    - Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! - деді.
    Оқушы:
    - Жер, ауа, от...
    - Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
    Оқушы:
    - Таптым, сабынмен!


  • Жирафтың азанда ішкен тамағы асқазанына кешке барады екен. Мойнымен жүргенше қай заман.


  • Қожанасырдың күнде әр нәрсе сұрап келе беретін көршісі бар екен. Бірде көршісі есегін сұрап келеді.
    Сонда Қожанасыр ашуланып:
    - Есек жоқ, - депті. Көршісі кетіп бара жатса есегі ақырып жібереді. Көршісі:
    - Ау, Қожанасыр есек жоқ дегенің қайда? Есегің қораңда аңырап тұр ғой,- депті. Қожанасыр:
    - Шыншыл көршіңе сенбегенде ақымақ есекке сеніп тұрсың ба?- депті


  • Биология сабағы.
    – Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
    – Тері түсіп қалмау үшін апай.


  • Мұғалім оқушыдан:
    - Шыңғыс ханның алғашқы жеңіске жеткен жері қайда ?
    - "Тарих" оқулығының 92-бетінде.


  • - Қыс болса да жаңбыр жауып тұр, - деген әжесінің сөзін 3 жасар Қайрат іліп әкетіп:
    - Аспандағы қар еріп, сонан соң ағып тұрған шығар, - деді.


  • Математика сабағы жүріп жатыр. Айдос ағай Мейрамгүлді тақтаға шақырды.
    - Сенің колыңда 8 қалам бар. Оның төртеуін достарыңа бердің, өзіңде қанша қалам қалды? - деді.
    - Мен оларға бергенше, үйдегі сіңілілеріме бергенім жақсы ғой, - деді Мейрамгүл.


  • Мұғалім:
    - Қатты зат килограммен, сұйық зат литрмен өлшенеді. Ал арақашықтық немен өлшенеді? - деді.
    - Сызғышпен деді оқушы.


  • Әдебиет сабағы. Оқушылар шығарма жазып отыр. Мұғалім:
    - Асан, сен неге қайта-қайта Гүлсімнің дәптеріне үңілесің?
    - Жазуын тани алмай жатырмын, апай!


  • Кімге бермекші

    Үйіне жүгіріп кірген бала анасына:

    - Анашым 100 теңге бересіз бе?-дейді.
    - Оны қайтесің балам?
    - Бір кәрі апаға берейін деп едім.
    - Өй жарайсың балам! Дұрыс, қайырымды болу керек! Ол кісі қай жерде?
    - Мына көшенің бұрышында, балмұздақ сатып отыр.


  • Чемпион

    Бір жас жігіт көл жағасына барып шомылмақ болады. Көлге түсер алдын киімдері ұрланбауы үшін қағазға «Бұл киімдер ауыр салмақтағы кәсіптік бокс чемпионының киімдері» деп жазып киімдерінің үстіне қойып кетеді. Біраз уақыт жүзіп қайтып келсе, киімдерінің ұрланғанын көреді. Киімдерінің орнындағы қағазда: «Бұл киімдерді ұрлаған адам жеңіл атлетика, яғни марафон жарысының чемпионы» деген мәтіндер жазылған болады. =)


  • Жоғалған кілт

    Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі:

    – Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа:

    – Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті.)))


  • Оңай оқу

    Көзілдірік тағу арқылы оқу оңай болады деп естіген бір кісі көзілдірік сататын жерге келеді. Сатушысының берген әр көзілдірікті тағып көріп: «Жоқ...», «Бұл да болмады...» деп, алдындағы газетке қарап басын шайқап тұрады. Шаршап шыдамы таусылған сатушы: «Сіз өзі әріп танитын бедіңіз, оқи аласыз ба?» дейді. Сонда әлгі кісі сатушыға таңдана қарап: «Оқи алатын болсам көзілдірікті қайтем» деген екен.    


  • Класта қазақ әдебиеті сабағы өтіп жатыр. Апайы:
    - Кім айтады? Барлық тілдердің негізі, бірақ ол тілде ешкім сөйлемейтін тілге кім мысал келтіреді?
    Арман:
    - HTML.


  • -Кеше ойнап жүріп 10 теңге тауып алдым.
    -Оны не істедің ?
    -Тастай салдым.
    -Неге?
    -Бір нөлі артық екен.