Анекдоттар

  • Бір ғалым адам немересіне:
    – Әй, балам, мынау менің жазған ғылыми еңбегім ғой. Бұл кітапты қайдан алдың?
    – Бүгін университетте керек емес кітаптарды макулатураға өткізіп едік. Сіздікін танып, алып қалдым...


  • Әжесі бес жасар немересіне айтады:
    – Құлыным, қарашы, «бип-бип» келе жатыр.
    – Әже, қойшы, қайдағыны айтпай. Бұл BMW 325 қой!


  • Біреу келіп, Қожадан арқан сұраса керек, Қожа үйіне кіріп, қайта шығады да:
    - Арқан бос емес, әйелім ұн салып қойыпты, - дейді.
    - Не айтып тұрсың өзің, арқанға ұн сала ма екен? - дейді келген кісі.
    - Кісіге бергісі келмегенде, арқанға ұн салып қоюға да болады - депті Қожа


  • Барсакелмес қорығы туралы не білесің?
    Ұстаз сауалына парталас достың бірі былай жауап берді:
    – Барсакелмес қорығы... Бұдан бұрын солай болған... Қазір тікұшақпен барып келуге болады...


  • Мамасы Жанарға:
    – Жанар, есіңде болсын, бүгін істеймін деген ісіңді ертеңге қалдырма, – деді. Сонда Бауыржан:
    – Мама, ертең жейміз деп қойған торттан неге бүгін жемейміз? – деді.


  • –  Теңіздің суы неге ащы? – деп сұрапты біреу Қожанасырдан.
    –  Теңіздің суы қозғалыссыз бір жерде тұрады, сондықтан ашып кеткен ғой, – депті Қожанасыр.


  • Әпенді мен Алдаркөсе Ыстықкөл жағалауын айналып жүр екен. Алдаркөсе Әпендіден:
    –  Қожеке, мына көлдің суы неше шелек шығар екен? – деп сұрапты.
    Әпенді ойланбастан:
    –  Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады, – деген екен.


  • – Мен жақында есік алдына өрік шыбығын отырғыздым. Жеміс берген кезінде бәріңді өрікке сылқитып бір тойғызбақшымын, – дейді Қожа жолдастарымен отырғанда.
    – Ой, рахмет, Қожеке. Осы тәтті лебізіңнің өзіне өрік жегендей тойып қалдық, – деген олардың сөзін естіген Қожа:
    – Өрікке тойып қалсаңдар, отырғызған шыбықтарымды жұлып тастап, алма ағашын отырғызайын. Бұған да мерзімінен бұрын әлгіндей тойып қалсаңдар мені тер төгіп еңбектенуден құтқарар едіңдер, – дейді.


  • Қожекең бірде бояу шеберханасын ашады. Шеберханаға келіп-кетіп жатқандардың бірі Қожекеңді мұқатпақ болып:
    – Қожеке, мына бір затты ешкім естімеген, ешкім көрмеген яғни, қара да емес, ақ та емес, көк те емес, қызыл да емес, сары да емес, жасыл да емес, қоңыр да емес, сұр да емес, бір түске бояп берші, – дейді.
    Қожанасыр оның кекесінін түсіне қояды:
    –  Жарайды, айтқаның болсын, тастап кет.
    –  Қашан келейін? –  дейді анау, қулығын асырдым деп мәз болып.
    –  Қашан келсең де өз еркің. Бірақ сен келетін күн дүйсенбі де, сейсенбі де, сәрсенбі де, бейсенбі де, жұма да, сенбі де, жексенбі де болмасын, – дейді сонда Қожанасыр.


  • - Сен бәліш жедің бе?

    - Жоқ, ол мен емес.

    - Тағы жегің келе ме?

    - Ия.


  • Мейрамханаға қоян, қасқыр және түлкі келеді. Даяшы қояннан сұрайды:

    - Не тапсырыс бересіз?

    - Сәбіз.

    Қасқырдан:

    - Менің қарным ашса, екеуі мұнда отырмас еді.


  • Мұғалім оқушыдан сұрайды:

    - Адамның қай тісі соңында шығады:

    - Жасанды тістер.


  • Баласы әкесінен сұрайды:

    - Әке, неге сіздің көлігіңіз жоқ?

    - Балам, көлікке ақшам жоқ. Міне, сен ерінбе, жақсы оқы.Сонда жақсы маман боласын, өзіңе көлік сатып аласың.

    - Әке, ал неге сіз мектепте еріндіңіз?


  • Ағасы тоқаш жеп отыр.Қасына інісі келіп:

    - Аға, тоқашыңнан бір тістейінші?

    - Бұл тоқаш емес... бұл самса!

    - Самсаңнан бір тістетші.

    - Бұл самса емес... бұл бәліш!

    - Бәлішіңнен бір тістетші.

    - Мазамды алмашы, сен не жегің келіп тұрғанын өзін білмейсің!


  • Екі қасқыр отыр. Сұр қасқыр қарасына айтады:
    - Мен жазуды үйрендім!
    Қара қасқыр айтады:
    - Сөйтіп, не жаздың?
    Сұр қасқыр біраз ойланып, былай дейді:
    - Білмеймін. Оқуды әлі үйренген жоқпын!


  • Сатушы кішкентай Айдардан сұрайды:
    - Балақай, сені 3 килограмм конфет пен 200 грамм картоп сатып әкелу үшін жібергенге сенімдісің бе?


  • - Әже, әр жамандыққа жақсылықпен жауап беру керек деген, рас па? – деп, немересі сұрайды.

    - Рас, балам, рас.

    - Онда маған 50 теңге беріңізші, мен сіздің көзәйнегіңізді сындырдым.


  • Баласы сұрайды:

    - Апа, түтікте қанша тіс пастасы бар?

    - Білмеймін.

    - Ал мен білемін: диваннан есікке дейін!


  • Әжесі немересін оятып:

    - Балам, ерте тұрсаң ырысың артар.

    Немересі оянбайды.

    - Құлыным, мысалы, көшеге шықсаң толы әмиян тауып аласың.

    - Оданда ерте тұрған адам сол әмиянды жоғалтты ғой, әже.


  • Түлкі қоянға қоңырау шалады:

    - Екеумізге піл сәлемдеме жіберіпті. Ашып қарасам ішінде он апельсин бар екен. Сегізі саған, ал сегізі маған.

    - Түлкі, сегізді сегізге қоссам он болмайды ғой?

    - Ешнәрсе білмеймін. Сегізін жеп қойдым.