Жаңылтпаштар

  • Ырыс қашса да, туыс қашпайды.


  • Арманы жоқ жігіттің дәрмені жоқ. 


  • Жет қырлы балықты, сегіз қырлы жігіт алады.


  • Ерді намыс өлтірер,

    Қоянды қамыс өлтірер.


  • Күш атасын танымас.


  • Ер қанаты — ат.


  • Ер қартайса, қазаншы болады,

    Бүркіт қартайса, тышқаншы болады.


  • Ылдисыз өр болмайды,

    Табыссыз ер болмайды.


  • Оқ жетпес жерге қылыш суырма.


  • Бөрі азығы мен ер азығы жолында.


  • Айлалы батыр алдырмас.


  • Ерлік білекте емес, жүректе.


  • Ерегісте ер өлер,

    Екі батыр егессе,

    Екеуінің бірі өлер.


  •  Бас жарылса, бөрік ішінде,

     Қол сынса, жең ішінде.

      


  • Бөріктінің намысы бір.


  • Сойылды соға білмеген, өзіне тигізеді.


  • Ақыл ердің қорғаны.


  • Ер сыйлаған есікке отырмас.


  • Ер — намысының құлы.


  • Ерден ердің қаупы бар.