Жаңылтпаштар

  • Ақыл - тозбайтын тон,
    Білім – таусылмайтын кен.


  • Өз білмегеніңді кісіден сұра,
    Үлкен жоқ болса кішіден сұра.


  • Білегі күшті бірді жығады,
    Білімі күшті мыңды жығады.


  • Қына тасқа бітеді,
    Білім басқа бітеді.


  • Күш - білімде, білім - кітапта.


  • Киіміне қарап қарсы алады,
    Біліміне қарап шығарып салады.


  • Білім гауһар, бағасы жоқ.
    Надандық кесел, дауасы жоқ.


  • Білмесең үндеме,
    Білгенді күндеме.


  • Білетінің бір тоғыз,
    Білмейтінің тоқсан тоғыз.