Жаңылтпаштар

  • Сақтықты соқырдан үйрен,
    Кішілікті түйеден үйрен.


  • Ақыл азбайды,
    Білім тозбайды.


  • Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ


  • Қой асығы демей-ақ
    Қолыңа толса, сақа тұт,
    Жасы кіші демей-ақ
    Ақылы асса, аға тұт.


  • Қарғыстың ең жаманы:
    Өзің білме, білгеннің тілін алма.


  • Білімдіден ақыл шығар.
    Ақылды қарттан нақыл шығар.


  • Туа білмейді, жүре біледі.


  • Біреу білмегеңді, біреу білер,
    Біреу жылайтынға, біреу күлер.


  • Білім ауысады,
    Ырыс жұғысады.


  • Білім алып құрасын,
    Еңбек етіп сұрасын.


  • Көргеннен көрмегенін көп.
    Білгеннен білмегенің көп.


  • Білім таппай мақтанба,
    Өнер таппай баптанба.


  • Білімдіге дүние жарық,
    Білімсіздің күні қаріп.


  • Оқу - білім бұлағы,
    Білім - өмір шырағы.


  • Оқу - білім азығы,
    Білім - ырыс қазығы. 


  • Білім - ер азығы,
    Ер - ел азығы.


  • Ойнада күл,
    Оқыда біл.


  • Оқу түбі тоқу.


  • Оқу инемен құдық қазғандай.


  • Оқусыз білім жоқ,
    Білімсіз күнің жоқ.