Логикалық сұрақтар

  • Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?

    Жауап

  • Сумен толтырылған шелек таразыда 10 кг болады. Шелектің ішіне, жіптің ұшына байланған темір шар батырылады. Шар шелектің түбіне тимейді, әрине шелектен белгілі мөлшерде су тасып шығады. Шелектің ауырлығы артады ма, азаяды ма, әлде өзгермейді ме?

    Жауап

  • 100 шөжек, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг бидай жейді?

    Жауап