Жаңылтпаштар

  • Өле жегенше, бөле же.


  • Ат адамның қанаты,

    Ас адамның қуаты.


  • Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.


  • Қайнаған қара суда қасиет бар.


  • Шыбын да балға қонады.


  • Есек мінген ат сұрамайды,

    Балық жеген ет сұрамайды.


  • Асы жоқ алтын аяқтың,

    Алтынын ал да отқа жақ.


  • Ішіп тоймаған, жалап тоймайды.


  • Қарны ашқан қазанға қарар.


  • Дастарханда наны жоқтың,

    Тамағының сәні жоқ.


  • Тоқ адамды ұйқы басады,

    Аш адамнан ұйқы қашады.


  • Шай ішіп үйренген, қымыз деп қыстамайды.


  • Аштың ақылы астан әрі аспайды.


  • Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды.


  • Сыйласқанның суын іш.


  • Жарлының бір тойғаны шала байығаны.


  • Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.


  • Тату үйдің тамағы тәтті.


  • Сыйлап берсе суын іш.


  • Жоқты бар десең – құт болар,

    Барды жоқ десең – жұт болар.