Бір сан табыңдар, квадраты өзінің жартысына тең болсын!
Жауап
0,5
Мұздатқыштан жаңа шыққан суық мұз салынған ыдысты ұстап көргенсіз бе? Ұстаған болсаңыз саусақтарыңыздың ыдысқа жабысып қалғанын байқаған боларсыз. Неліктен солай жабысатынын білесіз бе?
Жауап
Саусақтарымыз қашанда аздап болса да ылғалды болады. Мұздатқыштан жаңа шыққан мұз ыдысын ұстағанда қолымыздағы ылғал тез арада тоңады. Саусақтарымыздың қысымы да бұл тоңған ылғалдың ыдыстағы мұз кристаллдарына жабысуына себеп болады. Мұз салынған ыдысты жалайтын болсаңыз тіліңіз ыдысқа жабысып қалады және тіліңізді ажыратуға тырысқаныңызда терісінің бір қабаты жұлынып кетуі де әбден мүмкін.
Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада?
Жауап
2 жаста
Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?
Жауап
Құстар бірдей уақытта жетіп барған болса, барған жолдары тең деген сөз, яғни гипотенузалары тең. Пифагор теоремасы бойынша 102 + (25-х)2 = 152 + х2 теңдігі жазылады. Бұл теңдіктен х=10 шығады.
Теңіздің түбінен, салмағы бірдей және судан жеңіл болған және бірінің диаметрі екіншісінен екі есе үлкен болған екі доп жіберілсе, қай доп судың бетіне бірінші шығады?
Жауап
Судың жоғары көтеру күші – заттың көлеміндей судың салмағымен заттың салмағының айырмасына тең. Осы себепті үлкен допты көтеретін күш көп болатындықтан су бетіне бірінші болып үлкен доп шығады.
1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауап
Нәтиже үнемі 1 шығады.
366 күн болатын жылдарда аптаның барлық күндері 52 рет, тек екі күні 53 рет қайталанады. Ал енді осы жылы (2012) қай күндер 53 рет қайталанады?
Жауап
Жексенбі және дүйсенбі күндері 53 рет қайталанады.
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?
Жауап
Шар солға кетеді. Ауа шардың ішіндегі газдан ауыр. Сол себепті автокөлік солға бұрылған кезде ауа оңға қарай ығысады да, шарды солға қарай итереді.
3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?
Жауап
Баладағы 2 теңге 27-нің ішіндегі ақша, 27-ге адамдардағы 3 теңгені қосқанда 30 болады
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Автокөлігіңіздің артқы орындарында балаңыз отыр. Қолында газ толы шар бар. Бала шардың жібін шар төбеге тимейтіндей етіп ұстап отыр. Бүкіл терезелер жабық. Солға бұрылып жатырсыз. Шар солға кете ме, оңға кете ме, әлде ортада қала ма, немесе басқа әрекет жасай ма?