Жануарлар туралы

  • Басы — тарақ, арты — орақ.

    Жауап

  • Шықпайды үйден,

    Тоны - жібектен.

    Күндіз ұйықтайды,

    Түнде дамыл таппайды.

    Аңға барады,

    Сол аңды үйден табады.

    Жауап

  • Көкке шаншып құйрығын,

    Келеді шауып жүйрігім?

    Жауап

  • Басында екі таяғы бар,

    Төрт аяғы бар,

    Сегіз тұяғы бар,

    Иегінде сақалы бар.

    Жауап

  • Иір қобыз, жарық жұлдыз.

    Жауап

  • Жалмаң құлақты сорға бітем,

    Ел ішіндегі зорға бітем.

    Жауап

  • Бетегелі белге бітем,

    Найза ұстаған ерге бітем.

    Жауап

  • Қүнгейлі қара тасқа бітем,

    Шаруа қуған басқа бітем.

    Жауап

  • Қалың қорық нуға бітем,

    Қоры үзілген қуға бітем.

     

    Жауап

  • Жеміс-жидек жегенім
    Балды жақсы көремін

    Жауап

  • Жауымнан мен қашқанда
    Ағаштарға самғап бағам
    Ал қарыным ашқанда
    Отырып ап жаңғақ шағам

    Жауап

  • Орманда туып, жетілемін,
    Талдан талға секіремін.
    Айуан боп өскеніммен,
    Тамақ жеймін қос қолыммен.
    Әттең үйде тумағанмын,
    Әйтпесе ғой құдды адаммын.

    Жауап

  • Айбат берген жалым бар,
    Қайрат берген тәнім бар.
    Күркіреймін ақырсам,
    Қайсы аңмын,табыңдар.

    Жауап

  • Үстім жолақ
    Тісім-орақ
    Күшім мол-ақ,
    Барып тұрған қайсармын.
    Өзің айтшы,қайсы аңмын

    Жауап

  • Өзі ширақ, өзі қу,

    Жүрген жері айқай-шу.

    Жауап

  • Әртүрлі, орта бойлы ұзын құлақ,

    Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ.

    Жауап

  • Орманда сайрайды,

    Сайраудан талмайды.

    Жауап

  • Үстінен тоны түспеген,

    Сонда да араз қыспенен.

    Жауап

  • Туа сала мұрт өсірген мырза,

    Пеш түбінде жатқанына ырза.

    Жауап

  • Санай алмай шаршадым,

    Найзасы бар қанша мың.

    Батыр емес бырақта,

    Қашып жүрер жырақта.

    Жауап