Әзіл жұмбақтар

  • Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?

    Жауап

  • Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?

    Жауап

  • Төрт қызметші,
    Бір патша.

    Жауап

  • Адам есектен неге құлайды?

    Жауап

  • Шайға қант салған кезде, қандай жағдайда қант құрғақ болады?

    Жауап

  • Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?
    Жауап

  • Кең аймақты бір өзеннің арғы бетіне өтуі керек болған 117 адамдық әскери топ қиын жағдайда қалады. Сол мезетте қайық сүйреп келе жатқан екі баланы көреді. Бірақ қайықтың кішкентайлығы сонша, ол бір үлкен адамды немесе екі жас баланы ғана көтере алады.
    Әскери топтың командирі әскерлерін осы қайықпен өзеннің арғы жағына алып өтеді, соңында балаларды қайықтарымен жағада қалдырады. Бұл үшін қайықпенен арғы жағаға неше рет барып келуі керек?

    Жауап

  • 9 қабатты ғимараттың 9-шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6-қабатты басып, 6-шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?

    Жауап

  • Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
    Жауап

  • Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
    Жауап

  • Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге?
    Жауап

  • Қай айда 28 күн бар?
    Жауап

  • Мені ешкім түсінбейді, неге?
    Жауап

  • Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?

    Жауап

  • Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?
    Жауап

  • Бір пілдің үстінде 100 құмырсқа бар екен. Піл сілкініп қалғанда құмырсқалардың біреуі ғана қалып қалғандары жерге құлап түсіпті. Төмендегі құмырсқалар пілдің үстіндегі құмырсқаға қарап не деп айтқан?
    Жауап

  • Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
    Жауап

  • Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны?
    Жауап

  • Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
    Жауап

  • Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты? Патша тұтқынды неліктен босатқан?

    Жауап