Жаңылтпаштар

  • Әзілің жарасса;
    Атаңмен ойна.


  • Ауру қалса да,
    Әдет қалмайды.


  • Балаға байқап сөйлесең,
    Ақылыңа көнер,
    Байқамай шайқап сөйлесең,
    Көрсетер бір «өнер».


  • Өлімнен ұят күшті.


  • Алдыңғы көш қайдан жүрсе,
    Соңғы көш сонан жүрер.


  • Қарағайға қарап тал өсер,
    Құрбысына қарап бала өсер.


  • Су ішкен құдығыңа түкірме!


  • Балапан ұяда не көрсе,
    Ұшқанда соны алады.


  • Келінім, саған айтам,
    Қызым, сен тыңда.


  • Сабыр түбі сары алтын.


  • Сырлы аяқтың сыры кетсе де,
    Сыны кетпейді.


  • Бала тәрбиесі бесіктен.


  • Ұлық болсаң — кішік бол.


  • Жүзден - жүйрік,
    Мыңнан - тұлпар.


  • Ананың ізін қыз басар,
    Атаның ізін ұл басар.


  • Әдепті бала – арлы бала,
    Әдепсіз бала – сорлы бала.