Табиғат

  • Ақ түсті,

    Көк түсті,

    От түсті,

    Тот түсті-

    Төрт түсті жер үсті.

    Жауап

  • Қолы жоқ сурет салады,

    Тісі жоқ тістеп алады.

    Жауап

  • Үй үстінде алтын тас,

    Алайын десем табылмас.

    Жауап

  • Шелек қалпақ басында,

    Сәбіз екен танауы.

    Қыста қардан туатын,

    Тауып көрші, сен оны.

    Жауап

  • Аяқтарым қалтылдап,

    Қос тай міндім жалтылдақ..

    Шапса, жұбын жазбайды,

    Бір-бірінен озбайды.

    Жауап

  • Жылт-жылт етеді,

    Жылғадан етеді

    Жауап

  • Көзіңе көрінбейді,

    Қаңғуға ерінбейді.

    Шалғынды жапырады,

    Жол бойын сыпырады.

    Жауап

  • Қабат-қабат қаттама,

    Ақылың болса, аттама.

    Жауап

  • Таңмен көзін ашады,

    Әлемге нұрын шашады.

    Жауап