Қазан дін академиясында магистр қызметін атқарған Ильминский, түркі халықтарын дінінен, мәдениетінен арындыру жолында көп күш-жігер жұмсап, осы мақсатта түркі халықтарына ортақ болған Ислам әріптерін қолданыстан шығарып, кирил алфавитіне көшірілуіне үлес қосқан, түркі тілдеріндегі арапша, парсыша сөздерді өз тілдеріндегі сөздерге ауыстыру жолында көлемді еңбектер сіңірген шығыстанушы-миссионер болып табылады. Ильминский Орыс патшалығына саясатын осы тұрғыда бағыттауын қамтамасыз ету арқылы мақсаттарына жеткен. Оның тағы бір айрықша қасиеті қандай да бір ұлттың тілін шайқалту (өзгерту), ол ұлтты дегеніне көндірудің бұлжытпас қаруы екенін түсінген азулы миссионер болуы.
(Түркі халықтарын бөлшектеп, орыстандыру саясатында «тілді» қару ретінде қолданған орыс шығыстанушысы: НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ ИЛЬМИНСКИЙ).
Түркі халықтарын жаулау жолындағы Игнатьевтің орны қандай болса, Ильминскийдің мәдени саладағы атқарған істері де осыған пара-пар. Игнатьев түркі халықтарының саяси тұрғыдан бөлінулері, яғни бөлек бөлек хандық күйіндегі түркілердің басы бірікпеуі, бір-біріне дұшпан болуы, бір-бірімен соғыс халінде болуы үшін араларына іріткі салып, кикілжің тудырып отырған. Ал Илминский болса тілі, діні және мәдениеті бір болған түркілерді мәдениеті мен тілі тұрғысынан бөлу үшін жоспарлар құрып, осы жолда едәуір күш жұмсаған.
Осы тұрғыдан да жалпылама түркі халықтарын жаулағаннан кейінгі орыс мәдени саясатындағы ең маңызды есім Николай Иванович Ильминский болып табылады.
Ильминский Қазан дін акадеиясын бітіріп, сонда оқытушы қызметін атқарды. Орыс жерлеріндегі азшылықты құрайтын ұлттарды, әсіресе түркі халықтарын христиандастыру үшін белсене еңбек етті. Татарша және арапша үйренді. 1851-1854 жылдары аралығында Сирия, Палестина және Мысырда болды. Бұл жерлерде Исламды зерттеді. 1861 жылы Қазан университетіне түркі-татар тілдерінің профессоры етіп тағайындалды. 1863 жылы оның бастамасымен «христиандық татар мектебі» ашылды. 1872 жылы орыс және өзге де ұлт өкілдерінің бас қосқан семинарда орыс алфавитін негізге алып чуваш, татар, мари, удмурд, якут т.б. түркі халықтарына негізделген алфавиттерді дайындады1.
Қазан дін академиясында магистр қызметін атқарған Ильминский түркі халықтарына ортақ болған Ислам әріптерін қолданыстан шығарып, оларды кирил алфавитіне көшіру, түркі тілдеріндегі арапша, парсыша сөздерді өз тілдеріндегі сөздерге ауыстыру керектігін айтты2. Бұдан бұрындары ашық және шешімді түрде жүргізілген орыстандыру саясаты халық тарапынан қарсылықпен қабылданып, адамдардардың керісінше діндері мен мәдениетіне берік бола бастауына себеп болған еді3. Бұдан кейін 1863 жылдан бастап Ильминскийдің дайындап, жолға қойған жаңа саясаты қолданысқа енгізілуі көзделді. Бұл саясат бойынша жаңа татар (түркі) зиялылар қауымы қалыптасуы қажет еді. Бұлар православ христиандығын қабылдайды, бірақ өз тілдерінде сөйлеп жазатын болады. Дінсіз етіп орыстандырылғаннан гөрі, православ етіп орыстандыру жобасы тиімді саналды. Осы саясат қысқа ғана уақыт ішінде қарқынды түрде жемістерін берді. 1865 – 1900 жылдар аралығында шамамен 100 000 татар христиан дінін қабылдады4. Әйтсе де бұл жоба көп ілгерілей қоймады. Өйткені орыс шіркеулері мұндай жобаға қарсы болды. Жартылай жетістіктер алына бастағанымен шіркеу тек орыс халқының ғана толық қанды православ бола алатындығын және діни рәсімдердің орысшадан басқа тілде, яғни татар тілінде орындалуын қабылдай алмайтынын айтты5.
Ильминскийдің методы
Ильминский методының орыс патшалығы дәуірінде қолданыла бастап, бірақ большевик көтерілісінен кейін ғана көлемді нәтиже алынған тарапы, түркі тайпаларының әрбірін, бөлек ұлт ретінде қалыптастыру жобасы болатын. Әр түркі тайпасының тілі табиғатымен өзге тайпалардікінен бірен саран фонетикалық және басқа да өзгешеліктері бар еді. Баспахана, газет және басқа да қоғамдық байланыс құралдары болмаған ол дәуірде бұл өзгешеліктер табиғи және шектеулі түрде орын алған болатын. Әйтсе де Орта Азияның шығысындағы түркілермен батысындағы түркілер бір бірлерімен еркін түсінісе алатын. Балкандардан келген түркілер де орта Азияның кез келген жеріндегі түркілермен түсінісе білетін6.
Тарихшы түрколог профессор Надир Девлеттің мәлімдеуінше, 1917 жылғы төңкерістен кейінгі жылдарда орын алған төмендегі жәйттардың бастамасы негізінде 1860 жылдары Ильминскийдің жобаларын ұсынғанынан кейінгі кезеңдерге дәл келуде7.
Орыс патшалық үкіметінің түркі халықтарына жүргізген саясаты әр бір түркі тайпасы үшін бөлек фонетикалық және орфографикалық ерекшеліктерге ие алфавиттер түзіп, түркі халықтарының қолдарындағы бұрыннан қалған ескі кітаптарын оқу және зерттеу мүмкіндіктеріне тосқауыл болумен қатар осы арқылы олардың бір-бірімен бұрынғыша түсінісе алуларына бөгет болды. Тіпті бір-бірлерімен бітісіп кеткен еділ-орал аймағының тұрғындары татар мен башқұрт тайпалары саяси тұрғыдан да, мәдени тұрғыдан да ажыратылып, екі түрлі алфавит қолдануға мәжбүр қалды.
Патшалық үкімет қарамағындағы грузин, армиян секілді өзге де азшылықтарға емес, тек түркі халықтарының тегінің (фамилия) соңына «ев», «ов», «ский», «н» секілді жалғаулар тағып, түркілердің атын орыс атауындай етіп көрсету әдісі кеңес үкіметі кезінде де дәлме дәл жалғасын тапты. Сондай-ақ кеңес үкіметі кезінде «интернационализм» желеуімен түркі ата-аналар, балаларына өзге ұлттың, әсіресе орысша аттар тағуына үгіттелді.
Мектептердегі оқу жоспары
Ильминскиймен басталған жоба, жергілікті аймақтардағы ұлттар мен мәдениетін құрайтын түркі халықтарының өз тілін, мәдениетін, тарихын ұмыттыруға бағытталды. Бұл әдіс орыс басқыншылығы мен түркі және Ислам мәдениеті мен қоғамын қажыту тұрғысынан едәуір жетістікпен нәтижеленді. Бұл әдіс кеңес үкіметі кезінде де сан түрлі алаңдарда көрініс тапты.
1993 жылы Алматы ұйғыр тілі білім басқармасының жетекшісі Бибі хатун Қазақстанда әр ұлттың бөлек мектебі болғандығын, мәселен Қазақстанда ұйғыр балалардың қазақ мектептеріне, ал қазақ балалардың ұйғыр мектептеріне бара алмағандығын айтқан болатын. Көшеде кезіккен ұйғыр мен қырғыздың ұйғырша немесе қазақша сөйлесіп түсінісулері мүмкін болмай қалғанын, өйткені тіл бүгіндері бір-бірлерін түсіне алмайтындай дәрежеде өзгеріске ұшырағандығын мәлімдеп, бұған себепші болған орыстардың енгізген мынадай оқу жоспары туралы айтып берді:
«Мектептердегі математика, физика секілді оқулықтармен оқу жоспарын әр аймақтың білімгерлері өздері тағайындап баса алады. Ал тарих, география, әдебиет және тіл сабақтарының оқу жоспары мен кітаптары тікелей Мәскеуден келетін және сол бойынша оқыту мәжбүр болатын.»
Қоғамға өз тарихын ұмыттыру және ұлт пен қоғамның жойылып кетпеуінің себебі болған факторларды құрту және осы арқылы ассимиляцияға немесе коллонизацияға ең қолайлы халге келтіру мерзімі арасында өте маңызды байланыс бар:
«Қоғамның тарихын мәжбүрлеп (жасанды түрде) ұмыттыру және осылайша тарихи барлық нәрсеге қарсы шығу сияқты радикалды ұмыттыру факторлары кездесуде. Бұл жағдай, қоғамның тарихи мұрасының бір немесе бірнеше алаңын шектей алатынындай, толығымен тарихи болған барлық нәрсені де қаптай алады. Басқарылмалы қоғам қалыптастыру секілді дипломатиялық мақсаттарға бағытталған бұл фактор, белгілі дәрежеге дейін жемісін беруде. Алайда механикалық бірлік болмаған қоғам қолайлы шарттарда ұмытқан барлық нәрсесін, әлсін көлеңке халінде де болса қайта есіне алуда. Орта Азиядағы түркі тілдес республикалардың әлі де бастарынан өткеріп жатқан құбылыстар, осы тақырыптағы факторлардың ең жақын мысалы. Бұл қоғамдардың күш-жігерлерін өткен өміріне, тарихына жұмсап жатқандығы байқалуда.
Мәжбүрлену себебінен немесе өз еріктерімен тарихынан теріс айналған қоғамның жемістілігі және тарихқа із қалдыру міндеті бәсеңдейді. Өйткені қоғамның кешегісі, бүгінінің қолдаушысы, азықтаушысы. Ертеңіне жеңін түріп қойып жолын жалғастыра алады. Азық көзі жойылғанында өзін тіршілік алаңына жаңадан шыққан панасыз баладай сезінеді. Осы тұрғыдан да түп-тамырынан үзілген қоғамның өзін ғарыш кеңістігіндей бостықта сезінуі, секіру, серпілу үшін аяқ баса алмағандықтан алдына шыққан кедергілерді аттап өту үшін тұрақсыз және жабайыша ұмтылыстарға бет алуы, одан да бетері басқа қоғамдардың басқаруында елеусіз фигурант жағдайына түсуі болмай қалмайтын ақиқатқа айналады... Ешбір тарихи түп-тамыры болмаған және болса да бұдан хабарсыз болған қоғамдардың саясатта, ғылымда, ой-пікірлеуде және экономикада жемісті нәтижелермен тарихқа кіру жағдайы ақылға қонымды емес8...»
Жәдидшілер (Жаңалаушылар)
Орыс басшыларымен зиялылары түркі халықтарын орыстандыруға бағытталған қадамдары 19 ғасырдың басынан бастап жемісін бере бастады.
Түркі халықтарының тіршілігін жалғастыруы, әлеуметтік және мәдени құндылықтарын жетілдіру үшін оырыстардың ассимилист саясатының бағдарын құптаған азды-көпті жергілікті (түркі) зиялылар да шықты. Бұлардың мақсаттары өз халықтарының құқықтарын қорғалатын халге келтіру, күшейту, жоғары деңгейге көтеру болғанымен бұлардың ұстанымдары онсызда халықтың наразылығын тудырған орыстардың әдісіне ұқсағандықтан халық тарапынан қарсылықпен қабылданды, тіпті ондайларды орыс басқыншыларымен бір тұтқандар да болған.
Жәдидшілер немесе жаңалаушылар ретінде танылған және Исмайыл Ғаспыралымен басталған бұл әрекет арқылы түркілердің орысша үйренулері, орыс мектептерінде оқулары, жаңа жазу түрлерін үйренулері, медресе және жергілікті оқу жүйесін тоқтату секілді белгілі дәрежеге дейінгі Ильминскийдікіне ұқсас ұсыныстар қойылып жатты. Түркі халықтары арасындағы ру бөлініміне қосымша тағы жәдидші-қадимші бөлінуі де өзіндік тақырып ретінде бөлек талқыланатындай өзекті мәселе.