Төмендегі деректер 1894 жылы Германияның Вюрцбург қаласында басылған Принц Сальвадор, Профессор Граус, теолог Кирхбергер, Барон фон Вибра тарапынан дайындалған «Spanien» (Испания) атты кітаптан алынған:
«Испанияда ең маңызды, көрнекті қалалардың бірі Кордоба қаласы. Бұл қала кезінде Андалус Ислам мемлекетінің орталығы еді. Тарық бин Зиядтың қолбасшылығындағы мұсылмандар 711 жылы Испанияны алғандарында осы қаланы астана етіп тағайындады. Арабтар бұл өлкеге мәдениет әкелді. Жартылай жабайы халдегі бұл өлкені толыққанды мәдени қалаға айналдырды. Үлкен сарай (Әл-Қаср) ауруханалар, медреселер салдырды. Сонымен қатар үлкен университет құрды. Еуропадағы ең алғашқы университет осы еді. Ол кезге дейін Еуропалықтар ғылымда, медицинада, шаруашылықта және мәдениетте өте кері қалған болатын. Мұсылмандар оларға ғылым, мәдениет әкеліп, оларға ұстаздық етті.
Андалус Ислам мемлекетін құрған бірінші Хишам бин Абдулмалик Кордобада өте үлкен мешіт тұрғызуды жоспарлайды. Бұл мешіттің Бағдаттағы мешіттерден әлде қайда үлкен, көркем және зәулім болуын қалады. Кардовада бұған ең ыңғайлы жерді таңдады. Ол жер бір христиан кісіге тиесілі еді. Ол кісі жері үшін өте қомақты ақша талап етті. Өте әділ болған Абдуррахман қаласа ол жерді мәжбүрлеп, тартып алса да болар еді. Бірақ мұндай іске бармады. Керісінше әлгі христианның сұраған ақшасын төледі. Христиандар бұл ақшамен өздеріне кішігірім үш шіркеу тұрғызды. Мешіттің құрылыс заттарының көбісі шығыс елдерінен әкелінді. Ағаш бөліктері Ливанның ең керемет ағаштары, мәрмәр бөліктері шығыстың түрлі аймақтарынан түрлі-түсті мәрмәрлар, Ирактан және Сириядан құнды тастар, інжу-маржандар, піл сүйектері және т.б. шикізаттар жан-жақтан осы жерге жиылды. Мешіт зәулім ғимарат түрінде ақырындап бой көтере бастады.
Бірінші Абдуррахманның өмірі мешіттің біткенін көруге жетпеді. 788 жылы қайтыс болды. Одан кейін таққа шыққан баласы Хишам және немересі бірінші Хакем мешітті бітіруге күш салды. Мешіт құрылысы он жылда бітті. Бірақ бұдан кейін әр жылы қосымша ғимараттар салынып ең соңғы кейпі 990 жылы яғни 205 жылда аяқталды. Екінші Хакем 976 жылы мешітке алтыннан мінбер жасатты. Осылайша бұл мешіт өте зәулім, көркем өте ерекше өнер туындысы ретінде бой көтерді. Мешіт 120х135 метр көлемінде тіктөртбұрыш пішінде еді. Мешіттің ішінде әрбірі он метр биіктігінде 1419 тірек болды. Ол тіректер жер бетіндегі ең керемет мәрмәрлардан жасалған болатын. Тіректердің төбесіндегі аркалар бірнеше түсті мәрмәрдан бөлшек-бөлшек түрде тізілген еді. Мешітке кірген кезде адамның көзі осы тірек орманында адасып, көркем өнер сұлулығынан таңырқап қалатын. Бұл кезге дейін мұншалықты сұлұлық дүниенің еш жерінде көрілмеген болатын.
Мешіттің 20 есігі бар еді. Есіктердің алдында ерекше мандарин бақшалары айналаны жасылға бөлеп, жайнап тұратын. Мешіттің айналасында басқа да бақшалар, хауыздар, фонтандар мен су желілері болатын. Мұсылмандардың дәрет алуы үшін көптеген батырмалар жасалған болатын. Мешіттің едені ең сәнді мәмәр тастарымен әшекейленген еді. Тәбесіне қолданылған Ливан ағаштары ерекше әсемдік, ерекше айбат беріп тұрғандай. Дуалдар мен төбесінде өте көркем ою-өрнектер мен жазбалар болды. Түн ауғанда мешіттегі мыңдаған күміс шырақтардан тараған жарық мешітті жарқыратып жіберетін.
1041 жылы Мысырда қайтыс болған атақты тарихшы Ахмет Әл-Маккари «Нәхй-ут-тыб мин ғасни Әндулус-ир-ратиб» кітабында осы мешіт туралы айтып, оған жарық беретін лампалар мен шамшырақтардың 7425 дана екенін, жай күндері олардың жартысының жағылатынын, ал Рамазан мен Айттарда және басқа да қасиетті түндерде барлығының жағылатынын, оларды жағу үшін жылына 29 тоннага жақын зәйтүн майы жұмсалатынын, сондай-ақ мешіттен хош иіс шығып тұруы үшін жыл сайын 150 кг гравилат және алоэ ағашы жағылатынын айтып өткен.
Мұнаралардың төбесінде анар күйінде капительдер болды. Бұлар бағалы тастармен безендіріліп, тастардың аралары алтынмен қапталған еді. Ливанда христиан поптар жазған «Мүнжид» атты сөздік кітабында Кордоба мешітінің екі әдемі суреті бар.
Христиандар 1492 жылы Андалусия мемлекетін басып алғандарында бұл мешітті талан-таражға салды. Мешітке тығылған мұсылмандарды аяусыз жойып жіберді. (Дәл осыдан 40 жыл алдын Стамбулды алған Фатих Сұлтан Аясофияға тығылған христиандардың барлығын кешіріп, еріктеріне жіберген болатын.) Аман қалған мұсылмандар мен яһудилерді қылыш күшімен, мәжбүрлеп христиандастырылды. Бұлардың қолынан қаша алған яһудилер Османлы мемлекетін паналады. Қазіргі таңдағы Түркиядағы яһудилер осылардың ұрпақтары. Ал мұсылмандар әуел баста бұл елді басып алған кездерінде бұл жерде өмір сүретін жергілікті христиандар мен яһудилерге тиіспеген еді. Олардың өз діндері бойынша өмір сүрулеріне кедергі болмағанды.
Христиан испандар теңдессіз жауыздықпен мұсылмандар мен яһудилерді қырғаннан кейін үздік туынды болған бұл мешітті қирата бастады. Алдымен мұнаралардағы алтын және зүбаржат тастармен безендірілген капительдерді түсіріп, қиратты. Олардың орнына қарапайым тастан жасалған, періште мүсіндері бейнеленген капительдер қойылды. Төбедегі әсем тақтайлармен жасалған әшекейлерді алып тастады. Жердегі әдемі мәрмәрларды сындырып, орнына жай тастарды төседі. Қабырғадағы әшекейлердің бәрін тас талқанын шығарды. Тіреулерді қиратуға тырысты. Бірақ, олардың бір бөлігін ғана қирата алды. Қалғандарын әкпен ақтап қойды. Жүздеген тіреу қиратылды. 20 есіктің көбісін таспен өріп жауып тастады. Ең соңғы жабайылық әрекеттерінің бірі 929 жылы мешіттің ішіне бір шіркеу салуға шешім қабылдады. Бұл үшін сол кездегі Испания мен Германия императоры болған V.Карлостан [яғни Германия императоры V.Чарльз Квинттен (906-966)] рұқсат сұрады. Ол алғашқыда бұл ұсынысты қабылдамады. Бірақ, фанат кардиналдар оған дін үшін бұл істің міндетті түрде істелуі керек екенін қайта-қайта айта берді. Оларды өте беделді кардинал Алонсо Маурики басқаратын. Бұл кардинал сонымен қатар, папаны да осы іске сендірді. Папаның да мешіттің шіркеуге айналдырылуын қалағанын көрген Чарльз Квинт бұл іске разылық білдіруге мәжбүр болды. Шіркеу салу үшін көптеген бағаналарды тағы да қиратып, мешітте қалған бағананың саны 812 болды. Яғни, ең аз дегенде 600 мәрмәр тіреу қиратылды. Салынған шіркеу мешіттің ортасында крест түрінде 52х12 м көлемінде көріксіз ғимарат болып бой көтерді. Чарльз Квинттің өзі Кордобаға барып, бұл шіркеуді көрді. Қатты ренжіп: «Жасаған жауыздықтарыңды көріп рұқсат бергеніме қатты өкіндім. Әлемде теңдесі жоқ осындай әсем туындыны бұзатындарыңды білгенде сендерге рұқсат бермес едім және бәріңді жазалар едім. Салған мына ұсқынсыз шіркеулерің сияқты шіркеулер толып жатыр. Ал мынадай керемет мешіттің теңдесін жасау мүмкін емес» дейді. Қазір бұл мешітті зиярат ететіндер оның қиратылғанына қарамастан, Ислам сәулет өнерінің көркемдігіне, ұлылығына қайран қалып, ортада тұрған шіркеуге жаны ашиды.» Spanien кітабынан аударма бітті.
Жоғарыда айтылғандар ғылым және дін адамы поптар да қатысқан бір алқа тарапынан жазылған. Кордобадағы мешіттің аты қазір «Ла-Мескита» шіркеуі. Түбірі мешіт сөзінен келеді. Яғни, бұл ғимарат әлі күнге дейін мешіт деген атпен аталады, оны тамашалауға барғандар шіркеу емес, ислам мәдениетінің тарихи туындысы ретінде бағалауда.