Технологиялардың күн санап дамуы және электроникалық жиһаздардың қол жетімді болуы арқылы өткен күндерге қарағанда жоғары дыбыстардың әсерінде көбірек қалудамыз. Мамандар ұзақ уақыт шулы ортада уақыт өткізетіндер уақыт өте келе естуден қалатынын айтуда. Бұл тұрғыдағы қауіп аймағын құлаққап тағып компьютер ойындарын ойнайтындар мен жоғары дыбыспен әуен тыңдайтындар құрауда. Компьютер ойындарындағы тарс-тұрс еткен атыс, жарылыс т.б. дыбыстары және жоғары дауыста әуен тыңдау құлақ ішіндегі жасушалардың зақымдалуына себеп болуда. Осы тақырыпта мамандардан біршама кеңестер ұсынбақпыз:
- Үлкеніңіз, кішіңіз қай жаста болсаңыз да, әуен тыңдағанда, кино көргенде құлаққаптың дауысын қатты қоймаңыз. Әсіресе той-думан, концерт секілді жиындарда колонкалардан ұзақ тұрған абзал.
- Шулы орталарда көп жүруге тура келсе құлақ тығынын немесе дыбыс жібермейтін құлаққап пайдаланыңыз.
- Көлік жүргізіп келе жатқанда жоғары дауыспен әуен тыңдау сырттан келетін дыбыстарды естуге кедергі келтірумен қатар адамның мұқияттылығын, назарын, қырағылығын азайтады. Мұндай жағдай жол апатына себеп болуы мүмкін.
- Құлаққап тағып әуен тыңдау әрі өзімізге, әрі айналадағы адамдарға зиянды бола алады. Айналадағы ескерту дыбыстарын, мәселен көліктің дабылын ести алмауға себеп болады. Онсыз болмайды деген күннің өзінде дыбысын ақырын қою және бір құлаққапты шығарып тастау дұрыс болады.
- Құлаққаптар жуылмайтын болғандықтан бактериялар мен микробтардың жиналуы және көбеюі оңай болады. Уақыт өте келе құлақтың инфекция алуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан құлаққапты мүмкіндігінше тазалап тұру және әркім жеке құлаққап қолдануы абзал.