¨ Жетістіктің жолдары – әділет, күлімдеген жылы жүз және жылы сөз.
¨ Адал, әділетті болу керек. Әділетсіздік орын алғанда көңіл қалу, ренжулер пайда болады. Әділет – халықтың тыныштығы, жүйеге түсуі, басшылардың әшекейі, мерейін асқақ ететін безегі.
¨ Жетістіктің басты кедергілерінің бірі – жалқаулық. Еңбекқор, ынталы, жігерлі болу керек.
¨ Алдына мақсат қойған адам, соның себебіне жүгінуі керек, яғни көздеген мақсатына апаратын себептерді орындауы және дұға етуі керек.
¨ Мейірімді, кешірімді болу керек. Аллаһу та’ала өзгеге жаны ашымайтын адамға мейірім етпейді, өзгенің кешірімін қабыл етпейтін адамның кешірімін қабыл етпейді. Аллаһу та’ала бізге қалай мәміле етуін қалайтын болсақ, біз де Оның құлдарына солай мәміле етейік. Егер Оның құлдарына жақсылық жасасақ, Хақ та’аладан жақсылық болып қайтады. Ал егер Оның құлдарына жамандық етсек, Хақ та’аладан бізге де жамандық болып қайтады. Кешірімді болсақ, Аллаһу та’ала бізге де кешірімімен мәміле етеді. Убайдуллаһ Ахрар хазреттері «Аллаһу та’аланың разылығына жеткізетін жолдардың ең төтесі, адамдарды қуанту» деген.
¨ Адамдар бізді Аллаһты жақсы көргеніміздей мөлшерде жақсы көреді, Аллаһтан қаншалықты қорқсақ, соншалықты қорқады. Аллаһқа қаншалықты мойынсұнсақ соншалықты мойынсұнады. Аллаһу та’алаға қаншалықты қызмет етсек соншалықты бізге қызмет етеді. Әрбір іс-әрекетіміз Аллаһ үшін болсын, әйтпесе ешбірінің пайдасы болмайды.
¨ Өзгені түзелткісі келетін адам әуелі өзін түзеуі керек. Өз нәпсін тәрбие ете алмайтын адам, өзгенікін мүлдем тәрбиелей алмайды.
¨ Жұмсақ мінезді адам табысты болады. Қаталдықтың еш жерде пайдасы болмайды.
¨ Екі тарапты да тыңдамастан шешім қабылдамау керек
¨ Өзіне жасалғандарға қарсы және өзі жасамақ болған жәйттарда да сабырлы болу керек.
¨ Ашуланбау керек, ашу адамның ақылын перделейді. Жамандықтар қашанда ашудан туындайды. Сезімге бой алдырмау, салмақты және батыл болу қажет.
¨ Сөз тыңдатқысы келетін адам алдымен өзі сөз тыңдай білуі қажет.
¨ Барлық адамдардармен жақсы мәміледе болу, тату болу, сыпайы, әдепті болу керек.
¨ Жетістіктің сыры – күлімдеген, жылы жүз, жылы сөз және көркем саясат. Көркем саясат дегеніміз адамдардың бәрі сенен разы болуы. Күлімдеген, жылы жүзді болмаған адам айналасындағылардың сеніміне, сүйіспеншілігіне бөленуі қиын болады.
¨ Ешкімді ренжітпеу керек. Күпірден кейінгі ең үлкен күнә адамды ренжіту. Кәпірді де ренжітуге болмайды.
¨ Ешкіммен сөз таластырмау керек. Сөз таластыру пайда есіктерін жабады. Достың достығын азайтады, дұшпанның дұшпандығын арттырады.
¨ Өзін басқалардан үстем көрмеу керек. Менмедіктен, тәкаппарлықтан сақтану қажет.
¨ Эмоцияға, сезімге салынып емес, ақылмен, байсалдылықпен пікірлеу керек.
¨ Суизан етпеу (өзге туралы жаман ойламау, күмәнданбау), кең ықтималдықпен ойлау керек. Бірақ адамның қателесуі де мүмкін екендігін де ұмытпау керек, сол себепті тексеруді де назардан тыс қалдырмау керек.
¨ Қиянат жасалуына жол бермеу керек
¨ Бостан бос уәде бере бермеу, берген уәдесін міндетті түрде орындау керек.
¨ Жетістіктерді Аллаһу та’аладан, ал сәтсіздіктерді күнәларының кесірінен деп білу керек.
¨ Барлық қиыншылықтың, барлық сәтсіздіктің, барлық дерттің дауасы дұрыс оқылған намаз және истиғфар. Аллаһу та’ала күнә істейтін құлын табысты етпейді.
¨ Аллаһу та’ала күнә істемейтіндерден және күнә істелмейтін жерлерден разы болады. Өзіміз күнәдан сақ болғанымыздай достарымызды да күнәдан қорғауға тырысу керек.