Рамазанда тамақтану

Тамақтанғанда бірден көп жеп тыңқиып алудың орнына, аз аздан уақыт аралығымен жеген жөн. Тағамды жылдам жемеген абзал, ақырындап, жақсылап шайнап жеу керек.

Ұйқыны қимастық етіп, сәреге тұрмай, өткізіп жіберуші болмаңыз, сәре тамағын міндетті түрде жеуге тырысыңыз! 

Сәреде талшығы мол, протейнді өнімдерді, сүт, айран, ірімшік, жұмыртқа, жаңғақ түрлері, құрғақ жемістер, жеміс-жидектер, бүтін дақылды нан секілді азық түрлері, сорпа, салат секілді жеңіл тамақтарды таңдаған жақсы. Күн ішінде қатты ашығу келеңсіздігі барлар ашығуды кешіктіретін құрғақ бұршақты дақылдардан жасалған тағамдарды, нохат, мержімек, бұлғыр секілді тағамдарды тұтынуы, ал аса майлы, тұзды және ауыр тағамдар мен ұн өнімдері тағамдардан ұзақ тұру жақсы болады. 

Құрма талшығы мол және дәрумендерге бай азық болғандықтан дастарханда құрма болуына мән беріңіз.

Ауызашарда ірімшік, салат, сорпа секілді жеңіл тағамдармен бастап, 10-15 мин кейін негізгі тағамдарға өткен дұрыс. (Ақ нан, күріш секілді гликемикалық индексі жоғары тағамдардың орнына кебекті нан, қара нан, кебекті кеспе, бұлғыр секілді тағам түрлерін таңдаған жөн.)

Аса шөлдемеген болсаңыз да ауызашар мен сәре уақыттары аралығында жиі жиі су ішіңіз. 2 – 2,5 литр су ішуге тырысу керек. Дененың су қажеттілігін арттыратын кофе, шай және газды сусындарды мейлінше азайтуға тырысу керек. Суға қосымша сүт, айран, сода суы, жаңа сығылған жеміс шырындарын тұтынуға болады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!