Бұлбұл қыран құсқа мұңын айтады:
«Екеуміз де құс болсақ та сен патшаның сарайындасың, мен болсам бақшаның тікендеріндемін. Сен құстарды аулап жейсің, патшаның қасында қадірің өсіп, мұратыңа жетудесің. Құстардың сұлтанысың. Мен болсам күнді күнге қосамын, әр түні таңға дейін гүлдің ашылуын күтемін. Мен ұйықтамайынша ол ашпайды, оянғанда ашылған кейпін көремін. Ашылып жатқан кезін көре алмаймын, мұратыма жете алмаймын. Тікендер арасында мұратсыз жабығамын, жүрегім сыздап жылаймын» дейді.
Сонда қыран құс былай деп жауап береді:
«Мен мың мұратыма жетемін бірақ біреуін де айтпаймын. Сен болсаң бір мұратыңа жете алмастан мың мұрат айтасың. Үндемеген мұратына жетеді, ал жыланып шағымдана беретіндер мұратсыз қалады.》