Адамдардың бастарына дерттердің, бәлелердің келуіне себеп өздерінің істеген күнәлары. Өйткені Аллаһу та’ала ешбір құлына зұлымдық етпейді. Адамдар өздеріне зұлымдық етеді. Нахл сүресінің отыз үшінші аятында: «Аллаһу та’ала құлдарына зұлым етпейді. Оларды азапқа апаратын өздерінің жаман істері. Осылайша олар өз-өздеріне зұлым етеді» делінген.
Адамдар Аллаһу та’аланың әмір және тыйымдарына мойынсұнбай және ислам дінінің бақыт жолынан ажырайтын болса дүниеде тыныштықпен береке қалмайды. Ризықтар азаяды. Таха сүресінің 124-ші аятында «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» делінеді.
Сондықтан адамдар күнә істеп, дінге мойынсұнбаған сайын иман ризығы, денсаулық ризығы, азық ризығы, адамгершілік және т.б. көптеген ризықтар азаюда. Өйткені Рад сүресінің он бірінші аятында: «Бір қауым өзін бұзбайынша Аллаһ да олардың халдерін өзгертпейді»,- делінген.
Бір топ адам Әбу Аббас Сәбти хазреттеріне барып: «Адамдар құрғақшылық және қымбатшылық себебімен қатты қиналуда» дегенде оларға: «Сараңдықтарының кесірінен Аллаһу та’ала оларға жаңбыр жаудырмауда. Егер сендер тапқан табыстарыңның зекетімен кедейлерге садақа бергендеріңде бұған қайтарым ретінде Аллаһу та’ала да сендерге жаңбыр берер еді» деген.
Күнәлар көңілге ғафлет (қараңғылық) береді. Ғафлет болса көңілдің қатаюына себеп болады. Көңілдің қатаюы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Аллаһу та’аладан ұзақтық болса жаһаннамға алып барады. Әбу Абдуллаһ Әл-Қураши хазреттері «Күнә істеудің себебі ғафлет. Яғни Аллаһу та’аланы ұмыту.» деген.
Көңілдің қарайғанының белгісі адамның күнәлардан өкінбеуі, тартынбастан күнә істеуде қайсарлық етуі. Мұндай адамның істеген күнәларының кесірінен көңілі қараятыны соншалық, бұдан былай ол адамға насихат әсер етпейтін болады және ол ғафлеттен оянбайды. Сол себепті дін ұлыларымыз: «Күнә істеуді қорлық, күнәні тәрк етуді үстемдік деп біліңдер. Өйткені күнәлар иманды әлсіретеді» деген.
Қорыта айтқанда адамның қолына тікен батса да, істеген күнәсының себебімен. Күнәның жазасы дүниеде беріліп жатса үлкен ниғмет. Ахыретте берілсе пәлекет. Кінә бар болса, жаза да бар. Әбу Мұхаммед Расиби хазреттерінің айтқанындай: «Қиыншылықпен қайғылар күнәлардың жазасы»