Жұма күнінің 20 сүннеті мен әдебі бар. Мұхаммед Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жақсы көретіндердің осыларды орындауы керек:
1) Жұманы бейсенбі күнінен қарсы алу. Мысалы: жаңа және таза киімдерді дайындау керек; барлық тірліктерді бітіріп; жұманы ғибадатпен өткізуге тырысу керек.
Бейсенбіде екіндіден кейін тәсбих және истиғфар айту керек.
Жұма түнінде жұбайымен ғұсыл алу керек. Екеуіне де құл азат еткендей сауап беріледі.
2) Жұма күні, жұма намазына ғұсыл алу керек. Осы ғұсылға қатысты көптеген хадис шәрифтер бар болғандықтан, парыз деген ғалымдар да бар.
3) Шашты қию керек. Сақалдың бір тұтамнан артығын қырқу және тырнақтарды алу керек әрі ақ киім кию керек (Сақалдың бір тұтамнан қысқа болуы бидғат болып, үлкен күнә екендігі «Бәриқа»-да жазылған).
4) Жұма намазына мүмкіндігінше ерте бару керек. Алғашқы мұсылмандар көп сауап алу үшін мешітке жұма намазына таң қараңғысынан баратын еді.
5) Алдыңғы сапқа өту үшін жамағаттың иықтарынан аттамау керек.
6) Мешітте намаз оқып жатқан кісінің алдынан өтпеу керек. Қабырға немесе тіректің артынан өту керек.
7) Ерте барып, бірінші сапқа отыру керек.
8) Имам мінберге шыққаннан кейін еш сөйлемеу керек, азанды да қайталамау керек. Сөйлеген адамға белгі беріп те жауап бермеу керек.
9) Намаздан кейін «Фатиха», «Кафирун», «Ихлас», «Фәлақ» және «Нас» сүрелерін жеті рет оқу керек.
10) Екіндіге дейін мешітте қалып, ғибадат ету керек.
11) Діндар болған және Әһли сүннет ғалымдарының «рахимә-һумуллаһу та’ала» кітаптарынан оқып айтып беретін ғалымдардың дәрісіне қатысу керек. Осындай салих бір ұстаздың дәрісіне бір сағат қатысу, мың рәкат нәпіл намаздан абзалырақ.
12) Жұма күні дұғаның қабыл болатын уақытын іздеу керек, ол үшін үздіксіз ғибадат жасау керек.
13) Жұма күні көп салауат айту керек.
14) Құран кәрім және «Кәһф» сүресін оқу керек.
15) Аз болса да, көп болса да садақа беру керек.
16) Ата-ананы немесе олардың және салих мұсылмандардың, әулиелердің қабірлерін зиярат ету керек. Әулиелердің рухтарынан фәйз алу керек.
17) Жұбайының және бала-шағасының тамақтарын мол және дәмді қылып әзірлеу керек.
18) Көп намаз оқу керек. Намаздан қарызы бар болғандар қаза намаздарын оқу керек, қазасы болмағандар намазды нәпіл ниетімен оқу керек.
19) Жұма күнін тек ғибадат болған істермен өткізу керек.
20) Екінді намазынан кейін жайнамаздың үстінде қолдан келгенше «Йа Аллаһ, йа Рахман, йа Рахим, йа Қауи, йа Қадир» деп оқып, кейін дұға ету керек.