Жануарлар әлемінің ең үздік аналары балаларымен ерекше байланыста болғандықтан бұл сипат тек адамдарға ғана тән деп ойлауқате пікір болар. Біз өздерін аямай, ұрпақтарының қамын ойлайтын және қатал жануарлар әлемінде балалары тірі қалу үшін бәрін істеуге даяр аналар туралы айтамыз.
Піл – дүниеге ең үлкен төлді әкелетін ана. Балдырғандардың орташа салмағы – 100 килограммды құрайды. Пілдердің жүктілігі 22 айға созылады.
Пілдің баласы зағип болып туылады және бастапқы кездеқоршаған ортаны тек өзінің тұмсығы арқылы сезеді. Пілдердің балалары топтың басшысы аналық болып табылатын матриархальді қоғамда өмір сүретіндіктен, олардың жолдары болды. Үйірдегі барлық аналықтар жаңа туылған балаға көмектеседі. Тәтелері, әкпелері және әжелері оның тәрбиесіне тікелей қатысады. Осыншама қамқоршылар піл балаларының жабайы әлемдегі тыныш өмірін қамтамасыз етеді.
Коала улы эвкалипт жапырақтарымен қоректенеді, алайда олардың ас қорыту жүйесі бұндай қауіпті тағамға төтеп бере алатындай жаратылған. Коаланың ішегі токсиндерді зарарсыздандыра алатын арнайы бактериялармен қапталған. Алайда коала балаларында мұндай қабілет жоқ.
Аналық коалалар ұрпағын аямай күтіп қарайды. Төлдердің ішектерінде қажетті микрофлора қалыптасу үшін аналар оларды өз фекалияларымен қоректендіреді. Төл коаланың қалтасында жарты жыл жатады. Анасы уақытты жоғалтпай ұйқысын қандырады. Ол тәулігіне шамамен 22 сағат ұйықтайды, яғни өмірінің 90%-ын ұйқыда өткізеді.
Жүкті аналық аю салмағын екі есе арттыру үшін үнемі өзіне қорек іздеуі керек. Егер осылай істемесе іштегі нәресте өз ағзасымен жұтылады. Жүктілік пен босану кезінде ақ аю қарда апан қазып, ұйқыға жатады. Бұл уақытта ол қоректенбейді, төлдердің туылу кезінде ұйықтап қалуы да мүмкін. Жаңа туылған қонжықтардың тісі болмайды, ал көздері жабық болады. Қонжығының туылу сәтінде ұйықтап қалса да, анасы оларды екі жыл бойы әлпештеп бағады.
Гепардтың ұрғашысы көбіне 4-6 төлге дейін туады. Гепард төлдерінің туа біткен тірі қалу инстинкті болмағандықтан, аналары оларды жабайы табиғатта өздерін қалай ұстауды үйретуі керек. Гепард оларға қауіптен тығылуды және олжаны аулауды үйретеді. Анасы балаларына бәрін үйретіп болғанда, қайтадан жүкті болады. Аталықтары өмір бойы бірге жүрсе, ұрғашылыры бауырларынан алты айдан кейін кетіп қалып, жалғыз өмір сүреді. Гепардтың ұрғашылары марғауларды қоршаған ортадағы өмірге, аңшылыққа және басқа да құпияларға үйретеді.