Адамдар мен жануарлардың, өсімдіктер мен жандылардың өмір сүруі үшін тамақтанулары қажет. Адамдар жүргенде, жүгіргенде, оқығанда, тіпті ұйықтағанда энергия жұмсайды. Әрдайым сергек, сау-саламатты, қуатты өмір сүру үшін жұмсалған энергияның орнын толтыруы қажет. Желінген тамақтарды ағзада қажетті заттарға айналдыратын арнайы «ас қорыту» деп аталатын жүйе бар. Желінген азық қанға сіңіп, денеге таралатын бөлшектерге бөлінеді. Олар ағза жасушаларын қорек, энергиямен қамтамасыз етеді. Қажетсіз қалдықтар дәрет жолдары арқылы сыртқа шығып кетеді.
1. Тамақ ауыз қуысына түсіп шайналып, сілекеймен мүжіледі.
2. Мүжілген азықтар өңешке түседі.
3. Асқазанға түскеннен соң құрамында қышқылы бар асқазан сөлімен қорытылады.
4. Ішекке түскен ас тағы да қорытылып, нәрлі заттар мен су эпителий түктерімен сорылып, қанға сіңеді.
5. Ағзадағы қажетсіз заттар тік ішек және несеп жолдары арқылы сыртқа шығып кетеді.
Қалта мен түтікше
Ас қорыту жүйесі қалта және түтікше түріндегі түрлі ағзалардан тұрады. Ас қорыту жүйесіне түскен азық бөлшектеніп қорытылады. Содан соң қанға сіңіп, бүкіл денеге тарайды. Керек заттар ағзаға сіңіп, қажетсіз заттар сыртқа шығып кетеді.
24 сағат бойы 7 метр жол жүру
Әуелі желінген азық сіңіп, 24 сағат бойы организмді айналып шығады. Олар жасушаларды қорек және энергиямен қамтамасыз етеді.
Адам жылына шамамен 500 кг тамақ жейді. Бұл өз салмағынан 20 есе артық.
Старт басталды
Азықтың бүкіл денені айналуы ауыз қуысынан басталады. Азық осы жерден бірінші өңдеуден өтеді.
Адам алдымен тамақты тісімен шайнайды. Кейін сілекейімен араласады. Сілекейдің құрамында көміртегіні ұсақтайтын арнайы заттар бар. Осылайша ұзақ мерзімді процесс ауыз қуысынан басталады. Ауыз қуысында сілекеймен мүжілген азық асқазанға түседі. Өңеш бұлшықеттері толқын сияқты төмен қарай итереді.
Тамақты көп шайна
Азық қаншалықты көп шайналса, өңештен соншалықты жақсы өтеді және жақсы қорытылады. Азық көбірек шайналса, асқазан ауырмайды.