Төрт жылда бір келіп, күллі әлем халқын ерекше қуанышқа бөлеп, аққан жұлдыздай өте шығатын олимпиада ойындарын сағына тосатынымыз анық. Ел болып қиқу салатын сәтті тағатсыздана күтіп, арқасына ауыр жүк арқалаған спортшыларымызды іштей демеп отырамыз. Өз кезегінде оларда Отанының намысын жыртып, олимп шыңын әнұранның әуенімен тербеуді көздейді. Қай жарыс болмасын үкілеген үмітті арманымен ұштастырып жеңімпаз аттану үшін сапар шеккен батырларымыз аянып қалған емес. Ринг төріне көтеріліп, боксты спорт емес, нағыз өнер екендігін жанкүйерге дәлелдейтін күрзі жұдырық иелері, жолбарыспен арпалысқа түскендей алысатын балуандар, желмен жарысып, аузымен құс ілген желаяқтар, құралайды көзге атқан мергендер, тас шайнап, құм түкірген алыптар қайсыбір олимпиялық ойындарды алып қарамаңыз кеңінен көсілгеніне күә боласыз. Әл-ауқатына қарай тырмысып, шамасы жетпесе, өр мінезі арқылы намысын алып шығатын аға-әпкелеріміз тосыннан келген қуанышқа себепкер болып, ұлттың ықыласына бөленіп-ақ жүр. Енші алып, дербес ел болғалы 6 олимпиада көріппіз. 1996 жылғы Атлантадан – 2016 жылғы Риоға дейін. Осы уақыт аралығында олимпиадаға құрама атынан бірнеше жүздеген спортшы қатысып, жүлделі орындардан ұдайы көрініп жүрді.
Олимпиада ойындарындағы Қазақстан ұлттық құрамасының көрсеткіші:
Өткізілген жері: |
Жылы |
Алтын |
Күміс |
Қола |
Жалпыкомандалық есеп (№) |
Атланта (АҚШ) |
1996 |
3 |
4 |
4 |
24 |
Сидней (Австралия) |
2000 |
3 |
4 |
0 |
22 |
Афины (Грекия) |
2004 |
1 |
4 |
3 |
40 |
Бейжің (Қытай) |
2008 |
2 |
2 |
4 |
37 |
Лондон (Ұлыбритания) |
2012 |
3 |
1 |
5 |
24 |
Рио (Бразилия) |
2016 |
3 |
5 |
10 |
22 |
|
|
15 |
20 |
26 |
Барлығы: 61 медаль |
6 олимпиаданы қос есептегенде қоржынға 15 алтын медаль түсіпті. Ал, осы жүлделердің жартысына жуығын боксшылар жеңіп алған екен. Нақтырақ айтқанда, бокстан 7 бірдей қазақстандық олимп шыңын бағындырған. Ал осы 7 спортшының ішінде 3 отандасымыз «Вэл Баркер» кубогын жеңіп алғанын білесіз бе? Осы тұста алтыннан алқа тағынғандар кімдер, «Вэл Баркер» кубогы кімдерге беріледі деген секілді сұрақтар жауап тауып, сіздермен бөліскелі отырмыз.6 олимпиаданы қос есептегенде қоржынға 15 алтын медаль түсіпті. Ал, осы жүлделердің жартысына жуығын боксшылар жеңіп алған екен. Нақтырақ айтқанда, бокстан 7 бірдей қазақстандық олимп шыңын бағындырған. Ал осы 7 спортшының ішінде 3 отандасымыз «Вэл Баркер» кубогын жеңіп алғанын білесіз бе? Осы тұста алтыннан алқа тағынғандар кімдер, «Вэл Баркер» кубогы кімдерге беріледі деген секілді сұрақтар жауап тауып, сіздермен бөліскелі отырмыз.
«Вэл Баркер» кубогы
«Вэл Баркер» кубогы алғаш рет 1936 жылғы жазғы ойындардан бастап беріле бастады. Бұл жүлде британдық боксшы Вэл Баркердің есімімен аталған. Ол АІВА-ның (ред – Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) алғашқы хатшысы болған. Кубок спортшылардың салмақ дәрежесіне қарамайды. Олимпиадада керемет техникасымен көзге түсіп, жақсы нәтиже көрсеткен былғары қолғап шеберлеріне беріледі. Көбіне бұл жүлде олимпиада чемпионына табысталады. Дегенмен, өзге орындардан көрінген боксшыларда мүмкіндік жоқ деуге болмайды. 1936 жылы қола алған Луис Лори (АҚШ), Сеулде финалда жеңілген Рой Джонс секілді азаматтар жеңімпаз болмаса да кубокты жеңіп алған. Ал, «қазақстандықтардың арасында тізімде кімдер бар» дегенге келер болсақ, олар – Василий Жиров, Бақтияр Артев және Серік Сәпиев. Олар Атланта, Бейжің, Лондон олимпиадасының үздігі деген атаққа «Вэл Баркер» кубогының иегері деген тіркесіт де қосып алған.
Үш боксшы аталмыш деңгейге қалай жетті, жарыс барысында кімдермен қолғап түйістірді деген секілді сауалдарға жауапты да назарыңызға ұсынамыз.
Василий Жировтың Атланта олимпиадасындағы көрсеткіші (1996 ж):
Қарсыласы |
Отаны |
Жеңіс |
Кезең |
Хулио Сезар Гонсалес |
Мексика |
тех. нокаут (2-раунд) |
1/16 |
Ньетро Адрино |
Италия |
18:3 |
1/8 |
Троя Росса |
Канада |
14:8 |
1/4 |
Антонио Тарвера |
АҚШ |
15:9 |
1/2 |
Ли Сын Бэ |
ОңтүстікКорея |
17:4 |
финал |
Бақтияр Артаевтың Бейжің олимпиадасындағы көрсеткіші (2004 ж):
Қарсыласы |
Отаны |
Жеңіс |
Кезең |
Вили Бертрана Танке |
Камерун |
кездесуден бас тартты |
1/16 |
Алиаскер Баширов |
Түрікменстан |
33:23 |
1/8 |
Виктор Поляков |
Украина |
33:13 |
1/4 |
Олег Саитов |
Ресей |
20:18 |
1/2 |
Лоренцо Арагон |
Куба |
36:26 |
финал |
Серік Сәпиевтің Лондон олимпиадасындағы көрсеткіші (2012 ж):
Қарсыласы |
Отаны |
Жеңіс |
Кезең |
Ясухиро Сузуки |
Жапония |
11:2 |
1/8 |
Габриэль Перез |
Венесуэла |
20:9 |
1/4 |
Андрей Замковой |
Ресей |
18:12 |
1/2 |
Фрэдди Эванс |
Ұлыбритания |
17:9 |
финал |
Міне, осылай 3 бірдей қазақ бокс мектебінің түлектері «Вэл Баркер» кубогын жеңіп алған. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан екінші сатыда. 5 боксшысы лайықты деп табылған АҚШ көш бастап тұр.
Авторы: Ильяс Сәрсенбай.