2019 жылдың алғашқы аптасының қорытындысы бойынша «Amazon» компаниясы әлемдегі ең қымбат бірлестік болып танылды, деп хабарлайды akparat.com сайтының тілшісі.
Джефф Безос басқаратын компанияның жеке капиталы $797 миллиардты құрады. Осылайша өткен жылдың қараша айынан бастап «Ең бай компания» саналып келген «Microsoft-тан» $13 миллиардқа көп табыс тапқан. Үздік үштікті Alphabet холдингіне қарасты «Google» компаниясы түйіндеді ($740 миллиард капиталмен).
1994 жылы «Amazon» компаниясының негізі қаланды. 1995 жылдан бастап интернет арқылы кітап саудасымен айналысты. 1998 жылы интернет-дүкен ретінде түрлі өнімдерді саудалай бастады. Кейінірек «Shopbop» (онлайн киім дүкені), «Kiva Systems» (мобильді қосымшалар жасаумен айналысқан) секілді компанияларды сатып алып, алып бірлестік құрды.
Компания АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Жапония, Бразилия сияқты елдердің нарығына еніп, филиалдарын ашты.
(Суретте «Amazon» компаниясының басшысы Джефф Безос).
Бұл өзгерістен бөлек, компания басшысы Джефф Безос «Әлемдегі ең бай адам» тізімінде көш бастады. Оның жеке капиталы $740 миллиардты құрады. Екінші сатыға сырғыған «Microsoft» басшысы Билл Гейтстің қаржысы $90 миллиард.
Авторы: Ильяс Сәрсенбай.