Бұрынғы заманда өте ақылды әрі дана бір патша өмір сүріпті. Ол ажалы жетіп, өмірден озатынына әбден көзі жеткеннен соң балалары мен уәзірлерін жинап алып, мынандай үш өсиет айтады:
(фото mazhab.kz сайтынан алынды)
«Мені жерлейтін кездеріңде табытымды қабірге дейін дәрігерлер көтеріп апарсын.
Табытымды көтергеннен қабірге дейін жүрген жолға алтын-күміс теңгелер шашыңдар.
Екі қолымды кебіннен шығарып, ашық күйде қалдырыңдар» дегенде, мұқият тыңдаған бас уәзір барлық өсиетінің орындалатынын айтып, оның сырын сұрайды. Сонда патша терең күрсініп: Бүгінге дейін мына үш нәрсеге көзім жетті. Өзгелерге сабақ болсын деген едім:
«Бірінші өсиетімде: адамды өлім аузынан ешқандай дәрігер құтқара алмайды екен.
Екіншісінде: дүние-мүлік қуған уақытымыз босқа өтіпті. Өлген соң бұл өмірде шашылып қалады екен.
Үшіншісінде: өмірге құр қол келсек, өлгенде де құр қол қусырып қайтады екенбіз» деген екен.