Бір кісі үйінің төменгі қабатында ағаш шеберлігімен айналысады екен. Ағаштан есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанында кенеттен электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күткенімен жарық келмейді. Қасарысқандай сол күні кешке дейін тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Аздап демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен.
Ажыратқышты қосқанда шеберханаға жарық қосылады. Болжамы дұрыс шыққан екен, бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы ол кінәлі адамның үстінен түседі. Баласы үй мен шеберхана арасындағы баспалдақтан ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді.
Ұста он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Бүкіл күні оның кесірінен жоғалған еді. Бір рет қана істеген болса бәлкім үн қатпас еді. Ашу үстінде баласын шапалақпен тартып жібереді. Бәлкім бұл жазасы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар деп ойлайды. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне бөксіп былай дейді:
- Мына баланың мектепте кімдермен жүргенін білуіміз керек!.. Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін!..
Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет болса керекті.
Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де оны тыңдамай, күнделігін оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді:
«Бүгін түнде жаман түс көрдім!.. Шеберханада жұмыс істеп жатқан кезінде әкемді тоқ ұрған екен. Аллаһым, оны өзің сақтай гөр!.. Мен қолымнан келгенін істеймін!..»