АҚШ-ның профессоры Герберт Шиллер «Зейінді басқарушылар» атты кітабында былай дейді:
«Теледидар – тұлғаның пассив болуына ықпал ететін құралдардың соңғысы және ең әсерлісі. Теледидардың көрермендеріне қатысты жасалған статистикалар дабыл қағарлық деңгейде. Америкалықтар әр апта миллиондаған сағат, жыл сайын миллиардтаған сағат ақылға қонымсыз енжарлық ішінде теледидар алдында өткізуде. Мәселе адамның физикалық тұрғыда пассив болуында ғана емес. Адамдар зейіндік тұрғыда да тоқыруауға ұшырауда. Бірінен соң бірі жалғасатын мәнсіз бағдарлама, шоулар көрермендердің ойлау деңгейін төмендетіп, ақылын соқыр қылуда. Адамдар айналасына сын көзбен қарай алмауда.»
Шиллер осы көзқарасын жазушы Рудольф Арнхеймнің кітабынан алынған мына сөздермен жалғастырады:
«Теледидар қасиеттерінің бірі – оны қосуыңыз, экранға берілген нәрсені көруіңіз және түпсіз тереңдеген пассивтік құдығына бойлап бата беруіңізде. Экранда не көрсетіліп жатқаны маңызды емес. Шетелдің киносы болумен қатар, ешкімді қызықтырмайтын нәрсе де болуы мүмкін. Біраз уақыттан соң аз ойланатын боласыз, көрген нәрселеріңізді ұнатып, көркемдей бастайсыз. Біреулер бесігіңізді тербетіп, сізді қимылдамауға үгіттеп тұрғандай. Көздеріңіз ашық болғанымен миыңыздың терезесі жабылуда. Миыңыз қалыпты жағдайдан бөлек жолдармен әуреге салынуда, әуре де емес негізінде жаулап алынуда. Сізді жүріс-тұрысыңыз бен әрекеттеріңізді қалыптастыратын сезімдер бұдан былай теледидар тарапынан жаулап алынуда.»
Міне, ең әсерлі күш ретінде қабылданатын теледидардың адамға ақпарат беру секілді пайдалы тараптарымен қатар, жоғарыда аталғандай кері әсерлері де баршылық.