Ертегі айту

Германиялық профессор Ульрих Бикмайер (Ulrich Вiekmeyer) былай дейді: «Теледидар алдынан тұрмайтын өте ерке болса да, жасы қаншама кішкентай болса да, балаларға кішкентайынан ертегі айту өте маңызды. Ертегілер қоғамның мәдени бөлшегі. Барлық баланың ертегі тыңдап өсуі қажет. Балалар ертегілерден көп сабақ алады, ой-пікірлеуі, ақылы, сана сезімі қалыптасады. Кебір ертегілерде қорқынышты, жауыздыққа негізделген сахналар болуы мүмкін. Сондықтан ондай бөлімдерді жұмсартып айтқан жөн. Ертегілер баланың жасына, деңгейіне қарай айтылуы тиіс».

Алысқа бармай-ақ мұның мысалын еліміздегі ең жас ақын Жамбыл Дүйсенұлынан көруге болады. Жамбыл Дүйсенұлы бесікте жатқан кезінен бастап әжесінің ертегі, әңгімелерін тыңдап өскендігін, анасынан жыр, өлеңдер зерделегенін айтады. 5 жасынан өлең жазып, ақындар жарысынан қаншама бас жүлделерді иеленіп, 8 жасында жеке шығармашылық кешін өткізіп, 9 жасында «періште тілек» атты кітабын жарыққа шығарып үлгерген кемеңгер ақын. Ертегі, аңыз-әңгімелер, жыр-өлеңдер тыңдап өскен баланың ой-өрісі, зеректігі, тіл байлығы дамып, зейіні шыңдалып өсері сөзсіз. Сондықтан ата-аналар, бүгініміздің ертеңі болған жас-өспірімдерімізге ғибратты әңгімелер, аңыз-ертегілер айтып, жақсы тәлім-тәрбие беріп, балаға көңіл бөлу керектігін ұмытпағайсыздар.    

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!