Қорқордың зияны

Елімізде де көптеп қолданылатын, әсіресе жастар арасында модаға айналған қорқор тарту әуестігі денсаулық тұрғысынан қауіпті. АҚШ-та Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары ден саулығы жақсы 13 кісіге зерттеу жасап, токсиндердің әсерлерін салыстырды. Бір бөлігіне 4 күн бойы кальян, ал бір бөлігіне темекі шеккізді. Бір апта немесе одан да көп уақыттан кейін кальян шеккендерге темекі, темекі шеккендерге 4 күн бойы кальян шеккізді. Ғалымдар орташа есеппен 1 қатысушының күніне 3 кальян немесе 11 темекі шеккенін айтты. Ғалымдар олардың осы аралықтағы қанындағы токсиндерді өлшеді. Шеккен уақыттарында тыныс жолдарына және несеп жолдарына тесттер өткізді. Нәтижеде кальян шегетіндерде өте жоғары мөлшерде жүрекке зиянды карбонмонооксиді және аққандылыққа себеп болатын бензол шықты. Тынысжолы тесттерінде карбонмонооксиді, темекі шегетіндермен салыстырғанда 2,5 есе көп шықты. Сонымен қатар кальян шегетіндерде жүйке жүйесіне зиян келтіретін акриламид, көз, кеңірдек пен мұрынға зиянды акролин және қандағы қызыл жасушаларға зиян беретін нафталин секілді өзге де токсиндер анықталды.

Мейрамханаларда, ойын-сауық ордаларында көпшіліктің қолданысында жүретін кальянның гигиеналық жағынан зиянын Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин: «Шыныдан жасалған бір бөлшегі кальянның, осыны және осы судың ішіндегі суды зерттедік. Оның ішінде туберкулез таяқшасы, вирустың көздері, ол гепатит А дейміз, сосын герпес бар»- деп мәлімдеген екен.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!