Талас шайқасы

Талас шайқасы – алғашқы одақтас түрік және ислам әскерлері мен қытай әскерлері арасында болып өткен соғыс. Ислам дінін әлі қабылдамаған түркі халықтары Орта Азияға ислам дінін алып келген арабтармен бірігіп, Қытайларға қарсы соғысқан. Бұл Талас соғысы, себебі мен нәтижесі тұрғысынан өте жоғары маңызға ие болды.  

Түрік қағанатын құлатқан Қытайдағы Таң әулеті (618-906) дәуіріндегі Хиванг-Чжанг (713-755), түрік хандықтарының қол астындағы Ташкент (Шаш) қаласын алуды жоспарлайды. Осы мақсатпен Ташкентке жорыққа аттанған Гао Сянь-чжи арадан көп ұзамай Ташкенттің билеушісі Бахадур ханды тұтқынға алып, Қытай императорына жібереді.   

Бахадур хан өлтірілгеннен кейін ұлы Туен, қарлұқтардан бастап сол аймақтағы бүкіл түркі тайпаларын Қытайға қарсы соғысқа шақырады. Бірақ Көктүрік мемлекетінің құлдырауынан соң бастары біріге алмаған түріктер, Қытайға қарсы соғыса алмайтындарына көздері жеткендіктен Аббасилерден көмек сұрайды. Зияд бин Салих басшылығында келген ислам әскерлері түріктермен бірігеді. Бұдан хабар алған Қытай әскерінің қолбасшысы Гао Сянь-чжи 100 мың әскермен Талас қаласына келіп, одақтас түрік және араб әскерлерімен соғысады. 751 жылдың шілде айында басталған соғыс бес күн жалғасады. Соғыстың соңғы күнінде Қытай әскеріне арттан келген қарлұқтар ауыр соққы береді. Гао Сянь-чжи аз қалған әскерімен өлімнен әрең аман қалады. Соғыс нәтижесінде Қытайлардың елу мың әскері өліп, жиырма мың әскері тұтқынға алынады.  

Талас шайқасының жеңіспен аяқталуы түрік, қытай, ислам және әлем мәдениетінде өте маңызды әсерлер қалдырды. Қытайлар Талас соғысында жеңіліске ұшырағаннан соң ХХ ғасырға дейін Тянь-Шянь  тауының батысына өте алмады. Осылайша түркі елдері Қытай қауіпінен құтылды.

Қарлұқтар Талас шайқасынан 15 жылдан кейін 766 жылы Тянь-Шянь тауының батысында және Шу өзенінің жағасында тәуелсіз мемлекет құрды. Түркі халықтары мен мұсылман арабтар арасында еркін сауда және достық қарым-қатынастар басталды. Түріктер мұсылман арабтармен танысып, ислам дінін жақыннан тану мүмкіндігіне қауышты. Ислам дінінің үстемдіктері, мұсылмандардың көркем мінезі, адалдық, ахлақ ұстанымдарынан әсерленген түркілер Исламды көңіл разылығымен қабылдауына себеп болды. Осылайша ХХ ғасырдың басына дейін түркі халықтары жаппай ислам мәдениеті шеңберіне енді.     

Түріктер арабтарға қағаз жасауды үйретті. Самарқандтағы цехтарда жібектен жасалған қағаздар Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіне таралды. Мұсылман арабтар қол астындағы аймақтардан үйренген қағазды өндіріп, мәдениеттің бүкіл әлемге қарқынды түрде таралуына қызмет етті.  

Түріктер ислам дінін қабылдағаннан соң ислам дінін бүкіл мал-мүліктерімен, жан-тәнімен қолдап, қамқор болып, өздерін бұл ұлы дінге арнады. Тіпті бұл аманатты арабтардан алып, «Илаи кәлиматуллаһ» байрағын әлемнің басқа елдерінде  желбіретті. Орталық Азия өлкесі әлемнің ең үлкен ислам мемлекеттері халіне келді. Мыңдаған ғалым, әулие және мемлекет қайраткерлері жетіліп, жүз мыңдаған кітаптар жазылды.

Түркі халықтары әлемнің төрт бұрышына исламды жайды. Түркістан (Орталық Азия) өлкесіндегі түріктердің мұсылман болуы әрине сахабалармен табииндердің ерен еңбегі арқылы жүзеге асты.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз!